Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен штабта экономиканың өсу болжамы талқыланды

Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен штабта экономиканың өсу болжамы талқыланды
Фото: primeminister.kz

Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысында ЖІӨ өсімінің 8-ші айдағы болжамы мен оның іргетасын құрайтын ауыл шаруашылығы, көлік, тау-кен және өңдеу өнеркәсібі, сауда, құрылыс секілді негізгі салалардағы жұмыс барысы қаралды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы еліміздегі ЖІӨ-нің шамамен 4%-ын құрайды. Биылғы 7 айда жалпы өнім шығару 3,7%, 2,4 трлн теңгеге дейін артты.

  •  Өсімдік шаруашылығы: +5% (454,1 млрд теңге)
  •  Мал шаруашылығы: +3,4% (1,9 трлн теңге)

Қаңтар-тамыз қорытындысы бойынша саланың үлесі 3% деңгейінде болжанады.

 

Көлік және логистика

Көлік саласы ең жоғары өсу қарқынының бірін көрсетуде – 7 айда +22,5%. Бұл қарқын көбінесе экономиканың негізгі секторларының дамуына байланысты болды. Өйткені, тау-кен металлургия кешені, мұнай-газ, ауыл шаруашылығы, құрылыс және сауда салалары көлік қызметінің негізгі тұтынушысы. 2024 жылдың қорытынды бойынша ЖІӨ-ге үлес 5,6% болған болса, жыл соңына қарай 6,5% болуы мүмкін деген болжам бар.

Жыл қорытындысында көліктің барлық түрі бойынша тасымалдау көлемінің артуы ықтимал. Ол мыналардың есебінен іске асады:

- 7 мың шақырым жолда құрылыс-жөндеу жұмыстарын аяқтау (Қалбатау–Майқапшағай, Қызылорда–Жезқазған бағытындағы реконструкцияны қоса алғанда);

- «Достық-Мойынты» бағытындағы екінші жол құрылысының аяқталуы;

- Алматы стансасының айналма желісі құрылысының аяқталуы.

Қосымша өсімді жылыту маусымы қарсаңындағы отынның және жиналған астықтың ішкі тасымалы қамтамасыз етеді.

 

Сауда-саттық

Сауда-саттықтың ЖІӨ-ге қосқан үлесі 2024 жылы 19%-ға жетті. 7 айдағы өсу – 8,6% (37,7 трлн теңге), 8 айға арналған жоспар – +9%. Сонымен қатар, былтырғы және биылғы шілде айларындағы номиналды өсім рекордтық 20%-ды құрады.

  • Көтерме сауда: +9,5% (25,2 трлн теңге)
  • Бөлшек сауда: +6,6% (12,3 трлн теңге)

«Сауда-саттықтың өсуіне негізгі үлесті – жиынтық 71%-ды немесе 26,9 трлн теңгені бес өңір беріп отыр. Олар – Алматы, Астана, Шымкент қалалары және Атырау мен Қарағанды облыстары. Оның ішінде тек Алматының өзі 13 трлн теңге құрайды. Тауар айналымының ең жоғары өсу қарқыны Түркістан облысында тіркеліп, 7 айдағы айналымы 428,6 млрд теңгемен 64,4%-ға, Ақмола облысы 44,7%-ға және Шымкент 20,5%-ға өсім көрсетті», — деп хабарлады сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова.

Егер көтерме сауда өнеркәсіп пен өңдеудің даму деңгейі, тіркелген компаниялардың саны және ірі қойма орындарының болуы сынды бірнеше факторға байланысты болса, бөлшек сауда халықтың саны мен өмір сүру деңгейіне тікелей тәуелді. Осыған әкімдіктер ерекше назар аударуы керек.

 

Тау-кен өнеркәсібі

Қаңтар-шілде айларында 58,5 млн тонна мұнай өндірілді (2024 жылға қарағанда +11,9%-ға артық). Қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша 66,7 млн тонна (+12,1%) шамасында.

 

Өңдеу өнеркәсібі

ЖІӨ-нің құрылымындағы 12,4%-дық өңдеу өнеркәсібінің ең үлкен үлесін металлургия (40,1%), машина жасау (18,9%), тамақ өнімі (13,4%), мұнай өңдеу (5%), құрылыс материалын өндіру (+5,5%) және химия өнеркәсібі (4,6%) беріп отыр. 7 айдағы өңдеу өнеркәсібінің өсуі 6,1%.

Осы кезеңде металлургия саласы 1,3% өсуді көрсетті. Мұндай салыстырмалы түрдегі төмен нәтиже саланың соңғы 10 жылдағы +6,9%-дық деңгейдегі рекордтық өсу көрсеткішіне және металлургиялық кәсіпорындардың жұмыс істеп тұрған қуатының жоғары жүктемесіне байланысты.  

ӨҚМ Өнеркәсіп комитеті төрағасының міндетін атқарушы Шыңғыс Сүйінбаевтың айтуынша, салада жыл соңына қарай 5%-дық өсуге қол жеткізу резерві бар. Бірақ бұл үшін рәсімдік шаралар кешені қажет.  Серік Жұманғарин ӨҚМ алдына сала көрсеткішінің елеулі өсуіне қол жеткізу үшін ұсынылып отырған шаралардың саланың өсуіне қалай әсер беретінін егжей-тегжейлі талдау міндетін қойды.

Машина жасауда 8 айдың қорытындысы бойынша автокөлік құралдарын, ауыл шаруашылығы техникасын, электр және тұрмыстық жабдықтарды шығаруды ұлғайту есебінен өсу орын алуы мүмкін. Автомобиль жасау секторында биыл 160 мыңнан астам автомобиль шығару жоспарлануда. 7 айда 75 406 автомобиль шығарылған. Қосымша өсімді жаңа жобалардың іске қосылуы мен отандық автоөнеркәсіпті қолдаудың бірқатар іс-шарасы қамтамасыз етуі мүмкін.

Темір жол машинасын жасауда 7 айда 67 локомотив және 1 984 вагон өндірілді. Штаб отырысында салаға қосымша өсім беретін шаралар талқыланды.

 

Құрылыс

Құрылыс саласы ЖІӨ-нің шамамен 6%-ын құрайды. Қаңтардан шілдеге дейін 9,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл өткен жылғы деңгейден 5,2%-ға жоғары. Жоспар 48,9% орындалды.  Серік Жұманғарин Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне өңірлермен бірлесе отырып, объектілерді уақтылы пайдалануға қабылдау бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды.

Отырыс қорытындысында Серік Жұманғарин белгіленген өсу қарқынын ұстап тұруды және экономиканың барлық негізгі саласы бойынша жоспардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті