Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үкіметте теміржол саласын жаңғырту мәселелері қаралды

Үкіметте теміржол саласын жаңғырту мәселелері қаралды
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында теміржол саласын дамыту мәселелері қаралды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Саланы дамытудың ағымдағы жай-күйі мен жоспарлары туралы көлік министрі Нұрлан Сауранбаев, өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев теміржол машинасын жасауды дамыту туралы баяндады. Сондай-ақ басқарма төрағасы – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басшысы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Талғат Алдыбергеновке сөз берілді.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің деректері бойынша машина жасаудағы теміржол саласының үлесі 13%-ға жетеді, бүгінде өндіріс көлемі 599 млрд теңгеден асып отыр, 60 кәсіпорында 8 мыңнан астам адам жұмыс істейді.

Премьер-министр Олжас Бектенов Президент тапсырмаларына сәйкес саланы жүйелі дамыту қажеттігіне назар аудартты.

«Мемлекет басшысы Қазақстанның көлік-транзиттік әлеуетін дамыту бойынша нақты міндеттер қойды. Теміржол тасымалы нарығы жыл өткен сайын бәсекеге қабілетті болып келеді. Осы ретте транзиттік хаб ретінде позициямызды нығайту үшін біз инфрақұрылымның мүмкіндіктерін белсенді түрде арттыруымыз қажет. “Осал тұстарды”, атап айтқанда шекара маңындағы аудандардағы талапқа сай келмейтін жерлерді ретке келтіру қажет», — деп атап өтті Премьер-министр.

Жиында транзиттік тасымалдау көлемін, әсіресе «Шығыс-Батыс» бағыты бойынша арттыра түсу керектігі атап өтілді.

Биыл «Достық – Мойынты» (836 км) және «Алматы қаласының айналма жолы» (75 км) сияқты ірі жобаларды жүзеге асыру аяқталады. «Дарбаза – Мақтаарал», «Бақты – Аягөз» теміржол желілері салынуда. Бұл жобаларды белгіленген мерзімде аяқтау керек.

Олжас Бектенов бұл бастамаларды уақтылы аяқтау күрделі учаскелер мен ірі түйіспелі тораптар желісінің жүктемесін азайтып қана қоймай, жүктердің транзитін де едәуір арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Сонымен бірге, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өткізу қабілетін арттыру мақсатында «Мойынты – Қызылжар», «Алтынкөл – Жетіген», «Бейнеу – Маңғыстау» учаскелерінің құрылысы мен жаңғырту жұмыстары басталды. Премьер-министр оларға бақылауды күшейтіп, уақтылы пайдалануға беруді тапсырды.

Олжас Бектенов барлық тасымалдаушы жолаушылар вагондары мен локомотив паркін жүйелі түрде жаңартып отыруды қамтамасыз етуі қажеттігіне назар аудартты. 

Отандық вагон жасау зауыттарында қазіргі заманға сай әрі жайлы жолаушылар вагондарын шығару жолға қойылған, оларды ұлттық тасымалдаушы қолданып жүр.

Бүгінде отандық вагон жасау зауыттарында қазіргі заманға сай әрі жайлы жолаушылар вагондарын шығару жолға қойылған. Бұл ретте жүк вагондарын шығару және ауыстыру жұмысын да жандандыру қажет. Осыған байланысты Көлік министрлігі мен Қазақстан теміржолы заманауи және перспективалы әзірлемелерді енгізу, жылжымалы құрамдардың қозғалыс жылдамдығын арттыру үшін жолаушылар тасымалы саласындағы қызметтерді одан әрі жетілдіру бойынша тұрақты жұмыс жүргізу тапсырылды.

Көлік, Қаржы министрліктері Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен бірлесіп, шекарада жедел әрі сапалы мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде шаралар қабылдауы қажет.

2028 жылы жолаушылар вагондарының паркі 3 мың бірліктен асады, бұл тозығы жеткен вагондарға қатысты мәселені шешуге мүмкіндік береді. Алайда жеке тасымалдаушылар өз вагондарын жаңартуда қиындықтарға тап болуда. Көлік министрлігіне жолаушылар мен жүк тасымалдарының сапасын жақсарту мақсатында жеке тасымалдаушыларды қолдау шараларын әзірлеу тапсырылды.

Өнеркәсіп және Көлік министрліктеріне кәсіпорындарды ұзақмерзімді келісімшарттармен қамтамасыз ете отырып, машина жасау өндірісін локализациялауды кезең-кезеңмен арттыруға бағытталған үлгілік келісімдерді әзірлеу міндеті қойылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті