Алматыда «Жасыл ел» жастар жасағының жаңа маусымының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұйымдастырушы - қалалық штаб, оларға Жастар саясаты басқармасы қолдау көрсетуде. 2025 жылы 2100 жас уақытша жұмысқа орналасады. Қазірдің өзінде 1266 қатысушы жұмысқа кірісті.Жастар саябақтарды, скверлерді, жағалауларды және қаланың басқа да қоғамдық кеңістіктерін көгалдандыруға, тазалауға және абаттандыруға қатысады. «Жасыл ел» жасағы маусымының ашылуына әкімдік, ҮЕҰ, Қоғамдық кеңестің, ЖОО және экологиялық ұйымдардың өкілдері қатысты.Жобаға Алматының 5 жетекші ЖОО тартылған - жастар практикалық тәжірибе алып, экологиялық ойлауды қалыптастырады. Салтанатты ашылу рәсімінде Думан Марат пен ADIL сахнада өнер көрсетіп, қатысушылар және қонақтар үшін мерекелік көңіл-күй сыйлады. «Жасыл ел» - 2004 жылдан бері құрамына мыңдаған жастарды біріктірген Қазақстандағы ең ірі экологиялық бағдарламалардың бірі.
