Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астананың өнерпаз зейнеткерлері Ташкентте өткен байқаудан жүлдемен оралды

Астананың өнерпаз зейнеткерлері Ташкентте өткен байқаудан жүлдемен оралды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астана қаласының Есіл ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының шығармашылық ұжымдары Ташкент қаласында өткен өнер байқауынан жүлдемен оралды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Кәсіби және көркемөнерпаз топтар арасында өткен байқауда орталықтың «Асыл мұра» домбырашылар ансамблі «Аспаптық өнер» номинациясы бойынша Гран-при жүлдесін жеңіп алды.«Асыл мұра» ансамблінің көркемдік жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Батыр Теміралиев, ансамбль жетекшісі – Аманкүл Тоқбергенова. Байқау барысында зейнеткер-домбырашылар Ә. Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйін және өзбек халқының «Наманганның алмасы» әнін орындады.

Соңғы туындыға арнайы қойылған би композицясын Сырғагүл Дутбаева орындап, көрермендер ықыласына бөленді.Сол байқауда Есіл ауданының тағы бір шығармашылық тобы – «Қазына» салт-дәстүрді дәріптеу ұжымы мүшесі Забира Айдосова «Халықтық вокал» жанры бойынша жеке орындауда Гран-при иеленді. Сонымен қатар, «Вокал» жанрында I орынды Раиса Мухамбеткалиева жеңіп алса, ал халық әндері бағыты бойынша I орынға Зағипа Жаналиева ие болды.«Шырқа гитара» клубының ұжымы вокалды-аспаптық жанр бойынша I дәрежелі лауреат атанып, жетекшісі Бақытжан Сұлтанова кәсіби шеберлігімен ерекшеленді.

Байқауда «Бәйтерек» ансамблі де өнер көрсетіп, ұйымдастырушы Жабай Қалиевтің жетекшілігімен I орын иеленді. Ансамбль солисі Рымкеш Ордабаева Қадыр Мырзалиевтің сөзіне жазылған Нұрғиса Тілендиевтің «Өз елім» әнін әсерлі жеткізіп, II жүлделі орынды иеленді. Сонымен қатар, дуэт форматында да әнші әжелеріміз топ жарды. Айта кету керек, Есіл ауданының өнерпаз ұжымдары келесі кезеңде халықаралық деңгейде ел намысын қорғайтын болады. Олар 2024 жылдың соңында Баку қаласында өтетін І Халықаралық «AZERBAIJAN GRAND PRIX» және Біріккен Араб Әмірліктерінде өтетін V Халықаралық «Dubai Grand Festival» байқауларына тегін жолдама мен сертификат жеңіп алды.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті