Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада зейнеткерлер арасында әскери әндер челленджі өтті

Астанада зейнеткерлер арасында әскери әндер челленджі өтті
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанада Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Соғыста да ән шырқаған» атты әскери-патриоттық әндерді орындаудан челлендж өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Аталған шараның басты мақсаты – әскери-патриоттық әндерді насихаттау және тарихи тұлғаларымыздың ерлігі мен өнегесіне құрмет көрсету.Ән челленджіне қатысқан әр ауданның өнер ұжымдары патриоттық әндер орындап, Отанға деген сүйіспеншілігін өнер арқылы жеткізді. Челленджге қатысқан 150-ден астам зейнеткер жүрекжарды әндері арқылы майдангерлердің ерліктері мен сұрапыл соғыстың ауыртпалығын суреттей білді. Әсіресе, «Березка», «Атамекен», «Нұра әуендері», «Асыл мұра, «Гүлдер» ансамбльдері мен жеке орындаушылардың орындауындағы «Әлия», «Катюша», «Смуглянка», «Синий платочек» және т.б. әндер ерекше әсерде қалдырды.

Зейнеткерлер тек патриоттық әндер ғана емес, соғыс жылдары майдан даласында туындаған шығармаларды да орындады. Оның ішінде жеңіс жауынгерлеріне, олардың туған жерге деген сағынышы мен ерліктері жайлы туындылар орындалды.Шара ұйымдастырушылары бұл күннің маңыздылығына ерекше тоқталып, бүгінгі ән челленджінің жас ұрпақты патриоттық сеніммен тәрбиелеуге және Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, Ұлы Жеңістің жемісіне құрметпен қарауды үйрететінін айтты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді