Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: елордада жаңа буынға арналған Zara’s Planet экоквесті өтті

«Таза Қазақстан»: елордада жаңа буынға арналған Zara’s Planet экоквесті өтті
Фото: Астана қ.әкімдігі

Ауқымды «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Астанада балаларды, ата-аналарды және еріктілерді экологиялық ойлау мен технологиялық кәсіпкерлік идеяларының айналасына біріктірген ерекше экоквест ұйымдастырылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шара Arsenal СОО-да қала әкімдігінің қолдауымен өтті. Ұйымдастырушысы – экология мен технологияның түйіскен тұсында білім беру жобаларын дамытып жүрген Global Green Hub компаниясы.Іс-шараның басты кейіпкерлері – балалар. Олар тек ойынға қатысып қана қоймай, экоинженерлер сияқты ойлануға, экологиялық мәселелерді шешуге және өз идеяларын ұсынуға машықтанды.Қатысушылар Зара, Мо және Т9 есімді кейіпкерлермен бірге квесттен өтуі қажет. Әр кезең баланың сыни, креативті және экологиялық ойлауын дамытуға бағытталған.

«Бүгінде балалар сұрыптау жүйесін және тұрақты дамудың негізгі ұстанымдарын тереңірек түсіне бастады. Бізде арнайы термин бар – экотехноойлау. Бұл – экологияны, технологияны және психологияны біріктірген авторлық ұғым. Мақсатымыз – өз экожобаларын жасап, іске асырудан қорықпайтын жаңа буынды тәрбиелеу», – деді Global Green Hub негізін қалаушы Әсел Сейфуллина.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, олар алдарына биік мақсат қойып отыр: кеңінен ойлай алатын, дәл әрекет ете білетін, елін жақсы жаққа өзгертетін саналы жаңа буынды тәрбиелеу.Іс-шараға қатысқан кішкентай Дәулет пен Алина болашаққа сеніммен қарайды.

«Менің жасым бесте. Экоробототехника курсына барамын. Маған жобалау ұнайды, энергия көздері туралы білемін. Өскенде экоинженер боламын», – деді Дәулет.


«Мен бір жоба дайындадым – бөлмедегі ауаның тазалығын көрсететін гүл. Бұл жоба байқауға қатысуға көмектесті. Балалар үшін осындай экожобалар жасай алатын орындар көп болса екен деймін», – деді Алина.

Экологиялық шараны «Астана жастары» Жастар ресурстық орталығының еріктілері қолдады.

«Мұндай шаралар табиғатты аялауға, қоқысты сұрыптауға, ағаш отырғызуға және жай ғана жауапты адам болуға үйретеді. Бұл – тазалықтың денсаулық пен өзіңе, айналаңа деген құрмет екенін еске салатын жақсы мүмкіндік», – деді ерікті Асыл Ерғалиева.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мемлекет қолдауының, ата-аналар мен балалардың азаматтық белсенділігінің арқасында Қазақстан экологиялық ойлауды дамытуда көшбасшы елге айнала алады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті