Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада мектеп оқушыларына арнап шығармашылық шеберхана ұйымдастырылды

Астанада мектеп оқушыларына арнап шығармашылық шеберхана ұйымдастырылды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астана қаласындағы Шейх Тәмим бен Хамад Әл-Тәни атындағы №85 мектеп-лицейінде экологиялық бағыттағы «Жасыл әлем» жазғы лагері аясында «Биосфера – тіршілік мекені» атты шығармашылық шеберхана ұйымдастырылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шараның мақсаты – оқушыларға Жердің тіршілік қабаты болып саналатын биосфера туралы білім беріп қана қоймай, «Таза Қазақстан» бағдарламасы құндылықтарын насихаттап, олардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру, шығармашылық арқылы экологиялық ойлауға жетелеу.Шеберхана барысында оқушылар биосфераның негізгі құрамдас бөліктері – атмосфера, гидросфера, литосфера және тірі организмдер туралы ұжымдық жобалар жасап, постерлер, коллаждар, плакаттар арқылы өз түсініктерін бейнеледі. Табиғатқа шығармашылық тұрғыдан қарау, оны сезініп қабылдау шеберхананың негізгі бағыты болды. Биология пәнінің мұғалімі, лагерь жетекшісі Айгүл Өтегеннің айтуынша, мұндай жазғы экологиялық бағдарламалар балалардың табиғатқа деген қызығушылығын оятып қана қоймай, экологиялық мәдениетін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады:

«Жасыл әлем» лагері – бұл тек демалыс емес, экологияны тереңірек тануға, табиғатпен етене араласуға бағытталған орта. Мұнда балалар экологиялық сабақтардан бастап, табиғат қорғау шараларына дейін белсене қатысады. Шығармашылық жұмыстар, ойындар мен жобалар арқылы олардың жауапкершілігі мен ойлау қабілеті дамиды», – дейді ұстаз.

Лагерь қатысушысы Айзере Хусаинова өз әсерін бөлісті: «Бұл жерде біз қоқысты сұрыптауды, қайта өңдеуді, гүл отырғызуды үйренеміз. «Заттарға екінші өмір беру» жобасында қолданылған материалдардан түрлі пайдалы бұйымдар жасадық. Сода және сірке суымен жанартаудың атқылауын бейнелейтін тәжірибе жасадық. Бұл біз үшін өте қызықты әрі пайдалы болды». «Жасыл әлем» лагері – балаларға тек экология жайлы білім беріп қана қоймай, табиғатты қорғауға, шығармашылыққа бейімделуге және жаңа достар табуға мүмкіндік беретін орта.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады