Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үркер елді мекенінің спортшылары мен тұрғындары «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өткізді

Үркер елді мекенінің спортшылары мен тұрғындары «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өткізді
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Үркер тұрғын алабында орналасқан «Нұра» дене шынықтыру-сауықтыру кешені маңында ауқымды сенбілік өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Шараға мекеменің жас спортшылары, бапкерлері мен қызметкерлері белсенді қатысты. Олар ғимараттың терезелерін жуып, айналасын қоқыстан тазартты.

«Мұндай шаралар біз үшін өте маңызды, өйткені біз салауатты өмір салтын насихаттаймыз. Экологиялық таза қоршаған орта мен дене шынықтыру – денсаулық кепілі, сондықтан мұндай іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады», – деді «Нұра» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің басшысы Жасұлан Әбдіхалықов.Экологиялық акцияға Үркер елді мекенінің тұрғындары да қатысты.«Бүгін біз, Үркер ықшамауданының тұрғындары, йога сабағына қатысып қана қоймай, тазалық шараларын да өткіздік. Жаздыгүні далада жаттығу жасайтын аумағымызды сыпырып, тазарттық», - дейді йога жаттықтырушысы Марина Шустова.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді