Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ШЫҰ елдері жастарының көшбасшылары мен дарындарының форумы өтіп жатыр

ШЫҰ елдері жастарының көшбасшылары мен дарындарының форумы өтіп жатыр
Фото: ШҚО әкімдігі

Үлкен Нарын ауылында Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) елдері жастарының делегациясының Шығыс Қазақстан облысына жасаған сапары аясындағы басты іс-шара – «SCO Youth Dialogue» форумы өтіп жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Форум алаңында Қытай Халық Республикасының, Ресей Федерациясының, Қырғыз Республикасының, Өзбекстан Республикасының және Тәжікстан Республикасының өкілдері бас қосты. Жас көшбасшылар, еріктілер және қоғам белсенділері орнықты дамуды нығайту шараларын талқылап, жастар бастамаларын жүзеге асыру тәжірибесімен алмасты, сондай-ақ ШЫҰ елдері арасындағы ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындады.

– Біздің Президентіміздің бастамасы кең қолдау тапты – көптеген елдер қатысуға қызығушылық білдірді. Қазіргі жастар белсенді, табанды және өте дарынды. Форум қорытындысы бойынша жастар ұйымдары арасында бірлескен даму мен ынтымақтастық тұжырымдамасын әзірлеу жайлы сөз қозғауға болады. Әсіресе маңыздысы – мұндай ауқымды шара алғаш рет астаналарда емес, шалғай аудан орталығында өтіп отыр. Әдетте мұндай іс-шаралар мегаполистерде ұйымдастырылады, ал ауыл жастары тасада қалады. Бұл форум – алғашқы қарлығаш, әрі келгендердің бәріне шабыт берді, – деді ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров.

Айта кетейік, бұл форум 2024 жылғы шілде айында Астанада өткен «ШОС+» форматындағы саммитте қол жеткізілген келісімдер аясында өткізіліп отыр. Сол кезде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандық сын-қатерлер жағдайында жастар бірлігінің маңыздылығын және бейбітшілік пен орнықты даму жолында бірігіп әрекет етудің қажеттілігін ерекше атап өткен болатын. Осы тұрғыдан алғанда, дәл Шығыс Қазақстанның алғашқы болып ШЫҰ елдерінің жас көшбасшыларын қабылдауы – үлкен мәртебе. Қонақтарды жылы қабылдап, жоғары деңгейде ұйымдастыру жұмыстары атқарылды. Форумға қатысушылар өңірдің қайталанбас табиғатына тәнті болып, мұндай атмосфера жаңа идеяларға шабыт беретініне сенім білдірді.

– Мұндай кездесуге қатысу – мен үшін үлкен мәртебе. Бұл – Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы достықты нығайту, бір-біріміздің мәдениетімізді тереңірек тану үшін өте маңызды мүмкіндік. Мен Қазақстанда алғаш ретпін және осы елдің кең байтақ даласына, керемет табиғатына, қонақжайлығына тәнті болдым. Мұның бәрі жүректе ерекше әсер қалдырып, болашақтағы ынтымақтастыққа шабыт береді, – деді ҚХР делегациясының өкілі әрі аудармашысы Су Чань Юн.

Үлкен Нарындағы форум – жастар арасында өзара сенім мен ашық диалогтың, бірліктің шынайы алаңына айналды. Ол ШЫҰ елдері жастары арасындағы серіктестікті нығайтып, бірлескен жобалар мен жаңа бастамаларға жол ашты.

– Шынайы әсер алдым. Мөп-мөлдір ауа, шынайы қонақжайлылық, ұйымдастырудың жоғары деңгейі – мұның бәрі осында өз үйіңдегідей сезінуге мүмкіндік береді.


– Мұндай іс-шаралар пікір алмасумен шектелмей, жастарды біріктіруге, көшбасшылық қасиеттерді дамытуға және адами байланыстарды нығайтуға бағытталғаны аса маңызды. Мұнда шекаралар жойылып, жаңа мүмкіндіктер ашылады және жастар жобаларын іске асыруға нақты құралдар пайда болады, – деді Ресей делегациясының мүшесі Екатерина Забродная.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті