Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Елорда жастары» арқылы үйлі болған отбасы баспаналы болу жолы жайлы айтты

«Елорда жастары» арқылы үйлі болған отбасы баспаналы болу жолы жайлы айтты
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанада «Елорда жастары» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы бойынша жас отбасылар баспаналы болып жатыр. Олардың арасында астаналық Нұрбек Нұрымбетов те бар. Ол баспаналы болу жолдары туралы түсіндіріп берді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Нұрбек Нұрымбетов Қызылорда облысының Қазалы ауданында туған. Елордаға 2009 жылы қоныс аударған. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітіргеннен бері бас қалада қызмет етіп келеді. Бұған дейін университет жатақханасында, одан соң жалдамалы пәтерлерде тұрып келген ол әртүрлі тұрғын үй бағдарламаларын зерттеп, «Елорда жастарына» құжат тапсырады. Конкурсқа қатысып, жеңіп шығуға оған қажетті құжаттарды дер шағында жинап, уақытылы тапсыруы көп септігін тигізген.

«Конкурсқа 1050 жас өтінім берді. Сол 1050 адамның ішінде тізімде 10-шы болып конкурстан жеңіп шығып, сатып алу құқығынсыз жалдамалы екі бөлмелі пәтерге бес жыл бойы тұру құқығына ие болдым. Бұл – үлкен көмек. Алғашқы жарна жинау үшін жеңілдік болды. Әрине бюджет қызметкерлері үшін қаражат жинау оңайға түспейтіні белгілі. Тұрақты жұмысы бола тұра пандемияда табысынан айырылып, несие тарихы бұзылғандар да болды, осы күрделі мәселелерден мойымай шыққандар «Елорда жастары» бағдарламасы бойынша өтіп отыр. Мен де соңғы екі жылда 20 млн-ның 10%-ы – 2 млн теңге жинап, 14 жылға 5 пайыздық жылдық өсімақысымен несие рәсімдеп, тұрғын үй алдым. Нәтижесінде «Көлсай-2» тұрғын үй кешенінен екі бөлмелі үйге ие болдым. Жаңа пәтерімізге көшіп келгенімізге екі-үш аптадай уақыт болды. Үш балам бар. Құтты қоныста кенжеміз Еңлік дүниеге келіп, қуанышымызды екі еселеп жатыр», - деді бағдарлама қатысушысы. 

Сонымен қатар Нұрбек Батырханұлы баспаналы болғысы келіп жүрген елордалық жастарға өзінің ақыл-кеңесін айтты.

«Құжатты алдын ала жинап, конкурстың белгіленген уақытында тапсырған жөн. Елімізде цифрландыру жүйесі қарқынды дамып келе жатыр. Банкке, тұрғын үй қорына аяқтай барып тұрмай-ақ, онлайн-сервистер арқылы да құжат тапсыру мүмкіндігін зерттесеңіз, пайдалы болмақ», - дейді ол.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі