Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-да колонияға ақша өткізу әрекетінің жолы кесілді

СҚО-да колонияға ақша өткізу әрекетінің жолы кесілді
Фото: Polisia.kz

СҚО-да колонияға ақша өткізу әрекетінің жолы кесілді, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №48 мекемесінде тыйым салынған заттарды мекеме аумағына енгізу әрекетінің жолы кесілді. Ұлына ұзақ мерзімді кездесуге келген азаматшаның жеке заттарын тексеру барысында рюкзак ішінен 2000 ресей рублі көлеміндегі (эквиваленті – 10 800 теңге) ақшалай қаражат табылып, тәркіленді. Сонымен қатар сөмкеден түрлі әшекей бұйымдар – түрлі түсті металдан жасалған кулонды алқа және үш жұп сырға анықталды. Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабы 1-бөлігіне сәйкес тиісті материал рәсімделді. 

— Мекеме қызметкерлері тұрақты түрде сотталғандармен қатар, кездесуге келетін туыстарымен де алдын алу түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырады. Оларға кездесу өткізу тәртібі, соның ішінде рұқсат етілген және тыйым салынған заттар мен бұйымдардың тізбесі міндетті түрде түсіндіріледі. Бұған қоса, әрбір қысқа және ұзақ мерзімді кездесудің алдында келушілерге ішкі тәртіп ережелері ескертіледі. Соған қарамастан, кейбір азаматтар айла-шарғылар қолданып, тыйым салынған заттарды өткізбек болады, – деп атап режим бөлімінің бастығы Айбол Қожахметов.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті