Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда тұрмыстық техника өндірісі артып келеді

Қазақстанда тұрмыстық техника өндірісі артып келеді
Фото: ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Қазақстанда тұрмыстық техника өндірісі саласы тұрақты өсім көрсетіп келеді. 2025 жылдың алғашқы алты айының қорытындысы бойынша, ішкі сұраныстың артуы, инвестициялардың тартылуы және мемлекеттің жүйелі қолдауы есебінен өндіріс көлемі айтарлықтай ұлғайды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап.

Нарықтағы табысты мысалдар арасында Қарағанды облысы, Саран қаласындағы «Silk Road Electronics» ЖШС. Ол электроника және тұрмыстық техника саласындағы ірі инвестициялық жобалардың бірі.

Кәсіпорын Samsung Electronics компаниясымен әріптестікте жұмыс істейді, бұл сапаның жоғары деңгейін қамтамасыз етіп, заманауи технологияларды енгізуге мүмкіндік береді. 2024 жылы зауытта теледидарлар мен кір жуғыш машиналарды қоса алғанда, 181 мыңнан астам бірлік өнім өндірілді. 2024 жылдың алғашқы жартыжылдығында – 74 000 бірлік, 2025 жылдың сол кезеңінде – 97 000 бірлік.

Әрі қарай – «ALMATY TURMYSTYQ TEHNIKA ZAVODY» ЖШС, ол асүйге арналған тұрмыстық техникалар, оның ішінде пісіру панельдері, духовой шкафтары, шағын пештер мен плиталар шығарады. Кәсіпорын өндірістік желілерді белсенді түрде жаңғыртып, жақын болашақта тоңазытқыштар, мұздатқыштар, сорғыштар мен теледидарлар шығаруды жоспарлап отыр. Өндіріс көлемі 2024 жылдың алғашқы алты айында 8 000 бірлікті, ал 2025 жылдың сол кезеңінде 27 000 бірлікті құрады.

Алматы қаласы, «Алатау» АЭА-да орналасқан «DS Multimedia CA» ЖШС 2024 жылдың ақпан айынан бастап кәсіпорын Xiaomi брендімен теледидарларды құрастыруды жүзеге асырып келеді. Қысқа уақыт ішінде 50 мың бірлік техника өндірілді, бұл өнімге жоғары сұраныс пен жобаның кеңеюге әлеуеті бар екенін дәлелдейді.

Қазақстандағы тұрмыстық техника өндірісі тұрақты дамып келеді. Негізгі басымдықтар – өнім түрлерін кеңейту, жергілікті құрамды арттыру, экспортқа шығу және инновацияларды енгізу.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті