Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ЖИ мемлекеттік қаржы саласында: Қаржы министрлігі тың технологияның көмегімен мемлекеттік аудитті жаңғыртып жатыр

ЖИ мемлекеттік қаржы саласында: Қаржы министрлігі тың технологияның көмегімен мемлекеттік аудитті жаңғыртып жатыр
Фото: ҚР Қаржы министрлігі

Қазақстанда мемлекеттік аудит жүйесі ауқымды цифрлы трансформациядан өтіп жатыр. Айталық, таяу арада ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (ІМАК) үлкен деректерді талдау мен машиналық оқыту технологияларына негізделген камералды бақылаудың жаңа цифрлы құралдарын енгізетін болады. Бұл есеп-қисапты тексеру жұмыстарын автоматтандырып, бақылау іс-шараларының дәлдігі мен тиімділігін арттыруға, сондай-ақ адам факторы мен басқа да сын-қатерді сейілтуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Қаржы министрлігіне сілтеме жасап.

Тағы бір маңызды жаңалық – бюджет мониторингі мен профилактикалық бақылаудың ескертуді көздейтін рәсімдерін толық цифрландыру. Тың тетік мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынышты ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды жеделдетіп, уақыт шығындарын азайтады және бюджет қаражатын жұмсаудағы ашықтықты арттырады. Бұған қоса кәсіби ортаны кешенді дамытуға бағытталған екі мамандандырылған цифрлы жоба қолға алынды:

«Аудитордың бірыңғай кабинеті» - ақпарат жүйелерімен жұмыс істеудің тиімділігі мен ыңғайлылығын арттыруға арналған әрі барлық бизнес-процесті бірыңғай терезеге интеграциялай отырып, Ішкі мемлекеттік аудит комитеті мен оның аумақтық департаменттерінің цифрлы басқару пункті болып саналады.

«Аудитор қалқаны АІ» - аудиторларды қашықтаг оқытуға және сертификаттауға арналған «ақылды» жүйе. Ол үздіксіз біліктілікті арттыруды қамтамасыз етеді және мемлекеттік аудит саласындағы кадрлық әлеуетті күшейтеді.
Бұл бастамалардың барлығы ҚР Қаржы министрі Мәди Такиев бекіткен ІМАК-нің қызметін цифрландыру жөніндегі Жол картасының бір бөлігіне айналды. Аталған құжат 30 іс-шараны қамтиды және талдау әлеуетін нығайтуға және аудиттің цифрлы құралдарын дамытуға бағытталған.

«Цифрлы трансформация сәтті өтуі үшін комитет «Электрондық қаржы орталығы» АҚ-мен арнайы жұмыс сессияларын өткізді. Бұл Қаржы министрлігінің ақпарат жүйелерін әзірлеушілермен үйлесімді жұмысты жолға қойып, біздің міндеттерді цифрлы инфрақұрылым мүмкіндіктерімен біріздендіруге септігін тигізді», деді Ішкі мемлекеттік аудит комитеті төрағасының орынбасары Мұрат Оразбай.

Қабылданған Жол картасы сын-қатерді жедел анықтап, кемшіліктердің алдын алуға мүмкіндік беретін мемлекеттік аудиттің цифрлы экожүйесін қалыптастыруға оң әсер етті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті