Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Өнеркәсіптің ұлттық ақпараттық жүйесі пилоттық режимде 2025 жылдың 2 тоқсанында іске қосылады.

Өнеркәсіптің ұлттық ақпараттық жүйесі пилоттық режимде 2025 жылдың 2 тоқсанында іске қосылады.
Фото: pixabay.com

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен Өнеркәсіптің ұлттық ақпараттық жүйесі арқылы экспорттық бақылау саласындағы кейбір мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске қосу туралы бірлескен бұйрық жобасы әзірленді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда бірлескен бұйрық Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне және басқа да мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге бағытталған.

Пилоттық жобаны 2025 жылдың 2 тоқсанының басында «электрондық үкімет» операторының инфрақұрылымында іске қосу жоспарлануда.

Өнеркәсіптің ұлттық ақпараттық жүйесін құру кезіндегі маңызды аспект әкімшілік кедергілер мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға бағытталған. Өнеркәсіптің ұлттық ақпараттық жүйесі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жеңілдету арқылы бюрократиялық рәсімдерді қысқартуға арналған.

Пилоттық жоба шеңберінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау есебінен экспорттық бақылау саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға өтінімдерді толтыруды жеңілдететін функционал сынақтан өткізілетін болады.

Бұл пайдаланушылар үшін уақыт пен шығындарды азайтуға, сонымен қатар ашықтықты арттыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ өтінімдерде форматтық-логикалық бақылауларды пайдалану есебінен бас тарту саны азаяды деп күтілуде.

Бұдан басқа, Өнеркәсіптің ұлттық ақпараттық жүйесі функционалында алдын ала бас тарту нәтижелері бойынша тыңдаулар өткізу көзделеді.

Осылайша, пилоттық жобаны іске асыру қызметті алушылар үшін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруға ықпал ететін болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты