Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жұмысшы мамандықтары жылы: Ақмола облысында Республикалық жастар слеті басталды

Жұмысшы мамандықтары жылы: Ақмола облысында Республикалық жастар слеті басталды
Фото: primeminister.kz

Щучинск қаласында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында Республикалық слет өз жұмысын бастады. Еліміздің барлық өңірінен келген 100-ден астам белсенді жастар жұмысшы мамандықтарының болашағын талқылап, шеберліктерін шыңдап, жаңа серпін мен шабыт алуға жиналды. Іс-iараның ашылуына ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев, оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары және т. б. қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев слет қатысушыларын құттықтап, жұмысшы мамандықтарының ел дамуындағы маңызды рөлін атап өтті:

«Мемлекет басшысы 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады. Мұнда мәселе тек бір саланың мамандарын даярлау туралы ғана емес, жалпы еңбекке деген көзқарасты қайта қарау туралы болып отыр. Ұзақ уақыт бойы жұмысшы кәсіптеріне қатысты қоғамда стереотиптер қалыптасып келді. Бүгінде жағдай өзгерді. Қазіргі жұмысшы — жаңа технологияларды меңгерген, еңбек нарығында сұранысқа ие білікті маман. Мемлекет ретінде біз еңбекті қадірлеу дәстүрін қайта жаңғыртып, жұмысшы еңбегіне лайықты құрмет қайтару үшін бар күшімізді салып жатырмыз. Өйткені индустриялық даму, өндірісті жаңғырту, экономикалық тұрақтылық – бәрі ең алдымен сіздердің еңбектеріңізге тікелей байланысты. Осы өзгерістердің өзегінде – сіздер, жас мамандар тұрсыздар», — деді Ермек Көшербаев.

Биылғы жылдың басынан бері 8 мыңнан астам кәсіби бағдар беруші маман дайындалды, мектептерде 352 бейіндік сынып ашылды, 1300-ден астам оқушы жұмысшы мамандықтарының негіздерін меңгеріп үлгерді. Шефтік қамқорлыққа алған кәсіпорындар саны 7 есеге артса, кәсіпорындармен дуалды оқыту келісімшарттарының саны 2 есеге көбейді. 185 колледжде материалдық-техникалық база жаңартылып, студенттердің жатақханамен қамтылуы 96%-ға жетті.

1 қыркүйектен бастап техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі 2 есеге өсіп, бір студентке 437 мың теңгеден 912 мың теңгеге дейін ұлғаяды.

«Қазіргі еңбек нарығында тек диплом ғана емес, нақты дағды мен тәжірибе маңызды рөл атқарады. Қазақстанның техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі жаңа деңгейге көтерілуде. Біз Қытай, Франция, Түркия, Жапония, Ұлыбритания, Грузия және өзге де елдермен бірлесіп, 10 халықаралық жобаны қолға алдық. Алғаш рет колледждерге халықаралық сертификаттау енгізілді. Енді біздің студенттер өз құзыреттерін әлемдік стандарттар бойынша дәлелдеп, шетелдік тағылымдамаларға, халықаралық еңбек нарығына жол ашатын болады», — деді Ғани Бейсембаев.

Слетқа қатысушылардың арасында Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің 3-курс студенті Аяла Байболат та бар. Ол мемлекеттен білім гранты негізінде оқиды және оның колледжі интернационалдандыру жобасына алғашқылардың бірі болып енген.

«Президентіміз Жұмысшы мамандықтары жылын жариялаған сәтте біздің еңбегіміздің маңыздылығы мен қажеттілігі айқындалды. Бүгінгі таңда колледждер – саналы әрі болашағы зор таңдау. Бізде заманауи шеберханалар, халықаралық тағылымдамалар ашылып жатыр, ең бастысы – нақты мүмкіндіктер бар. Осындай сенім артқандарыңызға алғыс айтамын», — деді студент.

Слет 24 шілдеге дейін жалғасады. Үш күн бойы жастар мотивациялық кездесулерге, шеберлік сабақтарына, интерактивті білім беру блоктарына, командалық тапсырмалар мен мәдени-спорттық бағдарламаларға қатысады. 

Айта кетейік, елімізде 772 колледж бар, онда 550 мыңнан астам студент білім алуда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті