Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда 2100-ден астам әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда

Қазақстанда 2100-ден астам әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда
Фото: pixabay.com

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстанда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласында белсенділік артып келеді. Қазіргі таңда еліміз бойынша жалпы сомасы 33,1 млрд теңге болатын 2105 әлеуметтік жоба іске асырылуда, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл бастамалар инклюзивті қоғам құруға, әлеуметтік осал топтарды қолдауға және ауылдық өңірлерді қоса алғанда, азаматтардың құқықтық сауатын арттыруға бағытталған.

1 шілдеден бастап мемлекеттік гранттарды беру және мониторинг жүргізу қағидаларының жаңартылған редакциясы күшіне енді. Жаңа тәсілдер рәсімдерді жеңілдетіп, ашықтықты арттырып, үкіметтік емес ұйымдарға жобалардың мазмұнына назар аударуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде үкіметтік емес ұйымдардан түскен өтінімдер саны 7,7% артты, ал бір грантқа келетін бәсеке 16,9 өтінімге дейін жетті. Бұл азаматтық сектордың мемлекеттік қолдау тетіктеріне сенімінің жоғары екенін көрсетеді.

Гранттық қаржыландыру нақты әлеуметтік нәтиже көрсетуде. Жыл сайын мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың жұмысқа орналасуына жағдай жасалуда. Түрлі мақсатты топтарға арналған 500-ден астам оқыту іс-шарасы өткізіледі. 3000-ға жуық азамат еңбек нарығында сұранысқа ие дағдыларды меңгеруде.

Мемлекет пен үкіметтік емес сектор арасындағы әріптестікті нығайту мақсатында Жетісу, Жамбыл, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында форумдар өткізілді. Оған мыңнан астам үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты. Кездесулердің қорытындысы бойынша жүзден астам практикалық ұсыным әзірленді. Бұл жұмыстың қорытынды кезеңі — XII Республикалық Азаматтық форумы, ол қазан айында Астана қаласында өтеді. Форумға азаматтық қоғам, мемлекеттік органдар, бизнес және халықаралық сарапшылар шақырылып, 700-ден астам қатысушы жиналады.

Қоғамдық бақылауды дамытуда Қоғамдық кеңестер маңызды рөл атқарады. Бүгінде елімізде 264 қоғамдық кеңес қызмет атқарады, оның 36-сы республикалық деңгейде. Кеңес құрамына 4 мыңға жуық белсенді азамат енген. Биылғы жартыжылдықта қоғамдық кеңестер 1500-ден астам нормативтік құқықтық акт жобасын қарап, 200-ден астам қоғамдық тыңдау және 300-ге жуық мониторинг жүргізді.

Сондай-ақ, қоғамдық кеңестер «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын қолдап, өңірлерде 65-тен астам іс-шара өткізді. Бұл тексерістерге туристік нысандар, жасыл аймақтар, жер қойнауын пайдалану орындары мен рұқсатсыз қоқыс тастайтын орындар қамтылды.

Қоғамдық кеңестердің жұмысы ақпараттық сүйемелдеу KAZKENES.KZ бірыңғай интернет-платформасы арқылы жүргізілуде. 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында сайтты 1,5 миллионға жуық адам пайдаланған. Платформа азаматтық қоғаммен ашық диалог орнатуда маңызды құралға айналды.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты және қоғамдық бақылау институтын дамыту Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарды қолдауға және азаматтардың шешім қабылдау процесіне қатысуға бағытталған стратегиялық ұстанымын айқындайды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті