Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жетілдіру мәселелері бойынша қоғамдық талқылау өтті

ҚР АҚДМ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс механизмдерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша жұмысты бастады, деп хабарлайды kazlenta.kz.


9 және 10 ақпанда азаматтық қоғам саласындағы сарапшылардың, ҮЕҰ мен мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың стандарты мен оны қалыптастыру, іске асыру мониторинг және нәтижелерді бағалау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі отырыстар өтті.


Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандартын жетілдіру бойынша жұмыс "Зубр" Консалтинг орталығымен бірлесіп жүргізілді.


Стандарттың қолданылу кезеңінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру практикасын талдау - көрсетілетін қызметтердің түрлеріне қойылатын талаптарды өзгерту қажеттілігін көрсетті; бұл мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асырудың барлық кезеңдерінде стандартты іс жүзінде қолдану барысында бірыңғай түсінікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


Сарапшылар техникалық ерекшелікте қызмет көрсету сапасы мен шарттарына қойылатын талаптарды нақтылау қажеттілігін атап өтті.


Сондай-ақ, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жобалардың құнын айқындау мәселесі көтеріліп, жобалардың құнын сапалы қалыптастыруға мүмкіндік беретін бірыңғай әдістеме әзірлеу ұсынылды.


Жұмыс тобының мүшелері мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын қалыптастыру кезінде жария талқылау мәселесін көтерді және осы опцияны ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестердің шешіміне беруді ұсынды.


Талқылау барысында азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен әлеуметтік жобаларды іске асырудың сыртқы мониторингін енгізу туралы ұсыныс түсті.


Отырыс нәтижелері бойынша барлық ескертулер мен ұсыныстар қарауға алынды және келесі отырыста қайта талқыланатын болады. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді