Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Азаматтық қоғамдағы үкіметтік емес ұйымдардың рөлі қандай?

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев кезекті Жолдауында «Азаматтық қоғам, оның ішінде Үкіметтік емес ұйымдар – демократияның ажырамас бөлігі» деп айтып өткен болатын. Мемлекетіміздің өсіп-өркендеуі, қоғамдық сананың жаңғыруы азаматтардың белсенділігі арқылы жүзеге асатаны анық. Бүгінгі таңда еліміздегі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға үкіметтік емес ұйымдар белсене араласуда. 


Үкіметтік емес ұйымдар кішкентай балалардан бастап қарттарға дейін, азаматтардың барлық мәселесін шешуге үлес қосады. Қазақстанда қоғамдық бірлестіктер мен қорлар саны алғашқы құрылған 1994 жылы 500 ҮЕҰ болса, 2001 жылы оның саны 1767-ге жетті. Ал 2010 жылы – 12785, 2016 жылы 18 092 болып көбейді.


Үкіметтік емес ұйымдардың мұндай көрсеткіште өсуі олардың қызметтеріне деген сұраныстың нәтижесі екенін көрсетеді. Себебі ҮЕҰ кез келген мәселеге бастамашыл болып, өзекті мәселелерді шешуге атсалысады. Енді олардың қаражатты қайдан алатынына тоқталайық. Ашық дереккөздерге сүйенсек, үкіметтік емес ұйымдардың басым бөлігі өз қызметін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен 29,3% және 23,6% халықаралық гранттармен қаржыландыру есебінен жүзеге асыратынын көре аламыз. Жоғарыда айтқанымыздай, 16 жыл ішінде, яғни 1994 жылдан бастап 2020 жылға дейін ҮЕҰ саны өскен, ал үкіметтік емес секторды қолдау мақсатында әлеуметтік тапсырыстарға мемлекет бөлетін қаржыландыру сомасы 10,7 млн теңгеден 20,3 млрд теңгеге дейін ұлғайған. Дәлел айтсақ, 2018 жылы ҮЕҰ-ды жыл сайынғы шетелдік гранттармен қаржыландыру шамамен 5 млрд теңгеге жеткен.



Бүгінде Қазақстанда 22 000-нан астам қоғамдық ұйым тіркелген. Тізімдегі ұйымдардың барлығы бірдей белсенді емес. Дегенмен, ratel.kz ақпараттық порталының мәліметінше, биыл мемлекет тарапынан үкіметтік емес ұйымдардың өткізетін шараларына, арнайы гранттық жүйелері үшін 1,8 млрд теңге бөлінген. Бұл ретте мынадай сұрақтар туындауы заңды: Бөлінген қаражат қайда жұмсалып жатыр? ҮЕҰ-дар мемлекет үшін қандай іс-шаралар атқарып жүр?


Жалпы үкіметтік емес ұйымдардың басым бөлігі жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдауға бағытталған. Бұдан бөлек білім беру,  ақпарат, спорт және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау бағыттарында қызмет етеді. Жалпы республикамыз бойынша ҮЕҰ ең аз қызмет еткен бағыт ретінде демография мәселелерін шешу бағытын атап өтуге болады.


Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдардың белсенділігі Нұр-Сұлтан  қаласында байқалады. Бұған негізгі себеп – ҮЕҰ қызметінде белсенділік танытатын республикалық және халықаралық ұйымдардың, сонымен қатар шетелдік қор өкілдіктерінің шоғырлануы. Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтанда 2726 үкіметтік емес ұйым тіркеуде. Бұл – еліміздегі 22 398 үкіметтік емес ұйымның 12%-ы болады.


Азаматтық қоғамда әлеуметтік мәселелерді шешуде «үшінші сектор» атанған үкіметтік емес ұйымдардың рөлі айтарлықтай зор. 2000 жылғы Жолдауында Елбасы Н.Назарбаев: «Үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар бүгінгі күннің өзінде Қазақстандағы құқық қорғау қызметінде де және қоғамды әлеуметтік тұрақтандыруда да үлкен рөл ойнайды. Әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыруға, жекелей алғанда, грант жүйесі арқылы, байыпты мемлекеттік қолдау қажет. Бұл орайда да ауқымды жұмыстарды бастайтын уақыт жетті», – деп атап өткен еді.



2020 жылдың сәуір айындағы мәліметке сүйенсек, еліміздегі белсенді 16,4 мың ҮЕҰ  түрлі бағыттар бойынша өз қызметін жүзеге асырып келеді. Байқап қарасақ, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау мен спорт бағытындағы үкіметтік емес ұйымдар саны едәуір көп. Демек, еліміздегі осы саланың түйінді мәселелері де айқын шешілуде десек болады.



Биыл үкіметтік емес ұйымдарды қолдауда қандай өзгерістер бар?


Биыл шілде айында «Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы» бекітілді. Бұл тұжырымдама мемлекеттік бағдарламалар мен бастамаларды әзірлеуге және іске асыруға қоғамның қатысу жүйесін дамытуды, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатты жетілдіруге жәрдемдесуді, мемлекеттің, бизнес пен азаматтық қоғамның әріптестігі жүйесін нығайтуды, азаматтық қоғамның орнықтылығын арттыруды, сондай-ақ оның одан әрі саяси трансформациясы мен жаңғыртылуын көздейді.


Үкіметтік емес ұйымдарды гранттар мен сыйлықтар арқылы толықтай мемлекет қаржыландырады. Осылайша, 2020 жылға 1,8 млрд теңгеге грант беру көзделген. Атап айтар болсақ, жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдауға 554,1 млн теңге, 305,4 млн теңге азаматтық қоғамды дамытуға, 231,5 млн теңге білім, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізуге; 214,2 млн теңге қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға; 114,6 млн теңге халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға бөлінген.


Мемлекетімізде үкіметтік емес ұйымдардың маңызы зор. Себебі ҮЕҰ-да жұмыспен қамтылғандардың саны еңбекке қабілетті халықтың шамамен 30% -ын құрайды. Демек, ҮЕҰ арқылы жұмыссыздықты жою мүмкіндігі де жоғары.


ҮЕҰ еліміздің кез келген саласының дамуына ықпал ететін ресурс саналады. ҮЕҰ-дағы жұмсалатын бюджеттің жыл сайынғы тұрақты өсуі олардың қызметі сұраныста екенін білдіріп отыр.


Елімізде үкіметтік емес ұйымдардың дамуы үшін жыл сайын әлеуметтік тапсырыс шеңберінде түрлі жобаларжүзеге асады. Яғни, олар әлеуметтік мәселелерді шешуге, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандардың ахуалын, ардагерлер, балалар мен аналар институтын қолдау,  адамдар мен жануарлар құқығын қорғау, т.б. көмектеседі. Біз айтып отырған арнайы тапсырыс арқылы ҮЕҰ-дар  өздерінің құрылған бағытына сай нақты мәселелерді шешумен айналысады. Осылайша, ортақ әріптестік арқылы ҮЕҰ-дар мемлекеттік мәселелерді шеше отырып, түрлі қоғамдағы істерді жүзеге асыруға қатысады.


Ізгі қоғам құру шынайы құндылықтардың бағасы артып, сананың жаңғыруына ықпал етеді. Азаматтардың белсенділігі, бір-біріне қол ұшын созуы «қайырымды қоғамның» салтанат құруына сеп болады. Бәсекеге қабілетті, ғылым-білімге құштар, отаншыл жастардың өсуі мемлекет дамуының кепілі.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді