Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) Орталық Азия және Моңғолия елдері бойынша басқарушы директоры Хусейн Озханмен кездесті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында экологиялық көлік жобаларын жүзеге асыруға арналған «жасыл» облигация шығару, жеңіл рельсті көлік (LRT) салу, электроавтобустарға арналған инфрақұрылымды дамыту және тартқыш қосалқы станцияларды жаңғырту сияқты қазіргі және болашақтағы бастамалар талқыланды.Алматының халықаралық қаржы институттарынан тікелей қарыз алу мүмкіндігі бар. 2025 жылы қаланың сыртқы қарыз алу лимиті 2,3 миллиард АҚШ долларына дейін ұлғайтылды. Бұл ірі экологиялық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.Кездесу соңында тараптар әріптестікке қызығушылық танытып, ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға дайын екенін білдірді, - делінген хабарламада.Қала инвестиция тартуды жалғастырып отыр: соңғы үш жылда өсім – 16%, кредиттік рейтинг – «BBB+» (Fitch).