Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы әкімі тазарту құрылыстарын жаңғырту және «Сорбұлақ» жинағышының жағдайымен танысты

Алматы әкімі тазарту құрылыстарын жаңғырту және «Сорбұлақ» жинағышының жағдайымен танысты
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды кезекті жұмыс сапары аясында кәріздік тазарту құрылыстарын (КТҚ) және «Сорбұлақ» шайынды сулар жинағышын аралап көріп, нысандардың қазіргі жай-күйімен және оларды жаңарту мен тазарту жүйелерінің тиімділігін арттыруға бағытталған шаралармен танысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алғашқы нүкте Іле ауданындағы Жәпек Батыр ауылында орналасқан аэрация станциясы болды. Мұнда Алматы мен қала маңындағы елді мекендерден келетін шайынды сулар механикалықтан бастап биологиялыққа дейінгі көп сатылы тазартудан өтеді. Нысан 1992 жылы салынған және бүгінгі күні қалалық инфрақұрылымның маңызды буыны болып саналады. Жобалық қуаты тәулігіне 640 мың текше метр, қазіргі жүктеме шамамен 450 мың текше метр.

Сапар барысында қала әкімі тазарту қуаттарын жаңғырту қарқыны қала құрылысы мен өнеркәсіптің дамуына сай болуы тиіс екенін атап өтті.

«Шайынды суларды тазарту сапасы қаланың экологиялық қауіпсіздігіне және тұрғындардың денсаулығына тікелей әсер етеді. Мұнда тек қолданыстағы қуаттарды ұстап тұру ғана емес, тазарту стандарттарын көтеру де маңызды», — деді Дархан Сатыбалды.

Тазартудан өткен су 1973 жылдан бері шайынды суларды жинап, сақтауға арналған өңірдегі ең ірі инфрақұрылым нысаны «Сорбұлақ» жинағышына құйылады. Су айдынының ауданы 58 шаршы шақырым, тереңдігі 25 метрге дейін жетеді.

«Сорбұлақтың» жағдайын бақылау аясында нысанда инженерлік-гидрологиялық зерттеулер жүргізілуде. Бекітілген технологиялық регламент пен пайдалану ережелеріне сәйкес «Алматы Су» МКК мамандары күн сайын су деңгейін өлшеп, тұрақты экологиялық және химиялық бақылау жүргізеді. Сондай-ақ, нысанда су деңгейін реттейтін және су тасқыны қаупінің алдын алатын бөгеттер, су бөлгіш және гидротехникалық құрылыстар бар.

Сапар қорытындысы бойынша Дархан Сатыбалды тазарту құрылыстарын жаңғырту және жинағышты сенімді пайдалану бойынша жобалық шешімдерді бақылауға алуды тапсырды. Әсіресе, тазарту сапасына, сүзу деңгейіне және халық санының артуы мен қалалық агломерацияның кеңеюі жағдайында жүктеменің өсуіне дайындыққа ерекше назар аударуды міндеттеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті