Елордада жылына 43 млн текше метр суды қабылдай алатын екінші кәріз-тазарту қондырғысы салынады. Бұл туралы ашық талқыға шығарылған «Астана қаласының тұрғын үй қорын реновациялау және модернизациялаудың 2028 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасында» жазылған, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Қала халқы санының артуына және елордадағы құрылыстың қарқынына байланысты ауыз су стансасы қуатының тапшылығы байқалады. Бұл жаңа су сорғы стансасын іске қосу есебінен шешіледі. Сонымен қатар тұрмыстық сарқынды сулардың барлығын жалғыз кәріз-тазарту қондырғысы тазартады. Ағынды сулардың орташа тәуліктік түсімі – 220 мың текше метр. Ең жоғары кезеңде (су тасқыны, көп жауын және қардың еруі) ағынды сулардың түсуі тәулігіне 300 мың текше метрге дейін жетеді. Сондықтан суды сүзудің жаңа технологиясы пайдаланылатын жаңа кәріз-тазарту қондырғысын салу қажет. Қазір қуаттылығы жылына 43 млн текше метр болатын 2-ші кәріз-тазарту қондырғысы жобалау сатысында тұр, - деп жазылған құжатта.
Қоса кетсек, бұған дейін елордадағы тұрғын үй қорын реновациялау және модернизациялау бағдарламасы аясында бас шаһардың бірнеше ауданындағы үйлерді таяу арада сүру жоспарланғанын жазып едік.
Сонымен бірге алдағы 3-5 жылда елорда аумағында тұрғын үй қырылысының қарқынын төмендету ұсынылды.