Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Әлемге әйгілі әнші Craig David елордаға деген сүйіспеншілігін білдірді

Әлемге әйгілі әнші Craig David елордаға деген сүйіспеншілігін білдірді
Фото: Астана қ.әкімдігі

Ұлыбританиялық жұлдыз Craig David 13 шілде күні Astana Arena сахнасында өткен ауқымды Älem Fest фестивалі аясында мыңдаған көрерменнің алдында өнер көрсетті. Сахнадан ол астаналықтарға қонақжайлығы үшін алғыс айтып, соңғы келгенінен бері Астананың қалай өзгергенін атап өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Әр ән сайын сіздермен бірге билегім келеді. Мұнда соңғы рет бес жыл бұрын келген екенмін, содан бері қала көркейе түскен. Ол кезде де мені өте жылы қарсы алған едіңіздер, ал қазір одан да ыстық ықыласпен күтіп алдыңыздар. Сіздердің мәдениеттеріңіз қызығарлықтай, бір-біріңізге деген сүйіспеншіліктеріңіз бен қолдауларыңыз ғажап. Мұны шын жүрегіммен сезіп тұрмын. Мен сіздерді жақсы көремін, ризамын, сіздерді бағалаймын», – деді әнші.

Оның өнері көрермендерге ерекше әсер қалдырды: жұрт қошемет көрсетіп, сүйікті әртістерімен бірге ән айтып, би биледі.

Еске сала кетейік, ALEM FEST – Қазақстанда оқиғалы туризмді дамытуға үлес қосатын ауқымды мәдени жоба.

Фестиваль аясында әлемдік және қазақстандық сахнаның жұлдыздары өнер көрсетті. Олар: Sadraddin, Ёлка, Alem, IOWA, Банд’Эрос, Доминик Джокер және DJ Groove.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті