Айта кетелік, 2020 жылы Маржан Арапбаева пластикалық отадан қашпайтынын айтқан болатын. НТК арнасына берген сұхбатында ол сұлулығын сақтау үшін пышақ астына түсуге қорықпайтынын жеткізді.
"Косметологиядан шықпаймын. Ол мойындайтын нәрсе. Былай айтқанда, жас келген сайын біз жасармаймыз, түсінікті, белгілі нәрсе ғой. Күтім, әрине, міндетті түрде қажет әйел баласына. Сол себептен жиі өзіме қарауға тырысамын. Сұлулығымды сақтап қалу үшін пышақ астына жатудан да жүрексінбеймін", - деген болатын әнші.
Қазіргі таңда көрермендер Маржан Арапбаеваның сырт келбеті ерекше өзгергенін байқаған. Өнер жұлдызының Instagram парақшасында жарияланған видеоларға көпшілік пікірін жаудыруда.
"Сондай талантты, даусы керемет! Бірақ өнер адамдары әр нәрсенің шегі барын білмейсіздер ме? Әлде сіздердің айналаларыңыз басқаша ма?", "Сізді бір көргеннен танушы едім, қазір мынау кім деп ойланып тұрмын", "Адам осылай өзгереді екен ғой", - деп жазды желі қолданушылары.