Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматының коммуналдық қызметі жылу қуаты үшін қарызды өндіріп алу шараларын күшейтуде

Алматының коммуналдық қызметі жылу қуаты үшін қарызды өндіріп алу шараларын күшейтуде
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы жылу желілері жылу энергиясы үшін миллиардтаған қарызды төлемеген тұрғындардан сот арқылы өндіріп алады. Осы үдеріс аясында мүлікке және банктік шоттарға және шетелге шығуға тыйым салынады. Сонымен қатар қарызды толық өтемейінше оларға ыстық су беру тоқтатылады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарыз туралы бірнеше рет ескерту алғанына қарамастан, тұтынушылардың бір бөлігі коммуналдық қызметті жеткізушінің заңды талаптарын елемеуде. Биыл жыл басынан бері Алматыда жылу энергиясы үшін төлем жасамаған 600-ден астам абонентке ыстық су беру шектелген. Сонымен қатар заңды тұлғаларға сотқа дейінгі 3345 талап жіберілді.

Жылумен және ыстық сумен жабдықтау үшін қарызы бар 5184 тұрғыннан қарызды өндіріп алу бойынша жұмыс жүргізілді. Ол үшін сотқа талап-арыз берілді, сондай-ақ нотариустарға атқарушылық жазбалар жасау үшін арыздар жіберілді.

Бүгінде сот орындаушылары қарызды өндіріп алу бойынша іс-шараларды жалғастыруда. Коммуналдық қызметке төлем жасамаған 1 754 борышкерге қатысты шектеу шаралары қабылданды:

* 926 борышкердің мүлкіне тыйым салынды (жылжитын және жылжымайтын);
* 822 банктік шот бұғатталды;
* 254 борышкерге қатысты Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға тыйым салынды;
•144 азаматтың жалақысы мен өзге де табысынан берешек ұсталды.

Бүгінде Алматы жылу тұтынушыларының пайдаланған ыстық су мен жылу үшін жиынтық қарызы шамамен 2 млрд теңге.

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС қала тұрғындарын жауапкершілік танытуға, қарызды жинамай, жылумен жабдықтау қызметін уақытылы төлеуге шақырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті