Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыдағы экологиялық бекеттерде 12 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды

Алматыдағы экологиялық бекеттерде 12 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды
Фото: Polisia.kz

Алматыдағы экологиялық бекеттерде 12 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыда қоршаған ортаны қорғауға, қаланы көркейтуге және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған "Таза Қазақстан" республикалық науқаны жалғасуда. Бұл науқанның негізгі бағыттарының бірі – шаһардың периметрі бойынша жұмыс істейтін табиғатты қорғау бекеттерінің жұмысы. Жыл басынан бері 19 табиғатты қорғау бекетінде экология саласында 12 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды. Барлық дерек шығарындылары белгіленген нормалардан асатын автокөліктер мен басқа да жылжымалы көліктердің жұмысына қатысты.

- Экологиялық қауіпсіздік – азаматтарымыздың денсаулығына және шаһардың таза ауасына қосылған нақты үлес. Тәртіп бұзушылар қоршаған ортаны ластау жауапкершілік екенін түсінуі керек. Экологиялық бекеттердің арқасында біз тек анықтап қана қоймай, зиянды салдардың алдын алудамыз. Бұл – полиция мен өзге де қызметтердің бірлесіп жүргізіп отырған ауқымды алдын алу жұмысының бір бөлігі, - деді жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев. 

Қалада сонымен қатар абаттандыру ережелерін сақтау, көшелерді, аулаларды және басқа да қоғамдық орындарды ластамау шаралары белсенді жүргізілуде. Жыл басынан бері абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 15 мыңнан астам хаттама толтырылды, ал қоғамдық орындарды ластағаны үшін 6 мыңнан астам хаттама рәсімделді. Жүк және құрылыс техникасын, сондай-ақ артынан лас із қалдыратын ассенизатор көліктерін пайдаланатын жеке және заңды тұлғаларға ерекше назар аударылуда. Бақылау және жауапкершілік шараларымен қатар, Алматыда экологиялық науқандар, сенбіліктер және халық арасында түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілуде. "Таза Қазақстан" науқанының басты мақсаты – тек көшелердің тазалығы ғана емес, табиғатқа ұқыпты қарау, азаматтық жауапкершілік пен экологиялық сананы қалыптастыру.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады