Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ет пен ет өнімдері бір жылда бірден 16%-ға қымбаттады

Биылғы қаңтар-қыркүйек айларында республикада 1,3 млн тонна дайын жем-шөп өндірілді*, бұл бір жыл бұрынғыдан 11,8% аз. Өндірістің басым бөлігі Алматы облысына тиесілі: 347,3 мың тонна, бір жылда 3% көбейді. Үздік үштікке Ақмола (223,8 мың тонна, 0,5% азайған) және Солтүстік Қазақстан (161,1 мың тонна, 18,4% көбейген) облыстары да кірді, деп хабарлайды ranking.kz-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz


Анықтама үшін: 2021 жылдың толық қорытындысы бойынша жемшөп өндірісі 1,9 млн тоннаны құрады, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 2,6% артық.


Ал, еліміздің солтүстігінде ауыл тұрғындарын жеке қожалық үшін азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі жылдан-жылға өзекті бола түсуде, деп хабарлайды inbusiness.kz. Біріншіден, ауыл тұрғындарының елді мекендер маңындағы жайылымдық және шабындық жерлері жеткіліксіз. Екiншiден, қарапайым халықтың табысы жем-шөптiң қымбаттау қарқынына iлесе алмай барады.


Еске салайық: биылғы 1 қазанға дейін республикада 9 млн бас ірі қара мал болды, бұл бір жыл бұрынғыдан 4,7% артық. Оның ішінде сиыр басы 4,6 млн басты құрады. Жылқы саны 11,7% өсіп, 3,8 млн басқа, түйе — 8,6% өсіп, 265,3 мың басқа, қой — 4,2% өсіп, 21 млн басқа, құс — 0,6% өсіп, 50 млн басқа дейін жетті. Бұл ретте ешкі 0,8% азайып, 2,5 млн басты және шошқа 11,6% азайып, 849,3 мың басты құрады.


2022 жылғы қаңтар–қыркүйекте 1,5 млн тонна мал мен құс тірідей салмақта (бір жылда 0,7% көбейген), сойғандағы салмағы 847 мың тонна (0,3% көбейген), сойылды немесе союға сатылды.


Сиыр сүті өндірісі 1,8% өсіп, 5,1 млн тоннаға, тауық жұмыртқасы өндірісі 5,3% өсіп, 3,8 млрд данаға, ірі малдың терісі өндірісі 1,6% өсіп, 2,3 млн данаға дейін жетті. Ұсақ мал терісінің өндірісі былтырғымен салыстырғанда 0,6% азайып, 5,2 млн дана болды. Биылғы қазан айының қорытындысы бойынша ет және ет өнімдері бір жылда бірден 15,9% қымбаттады. Оның ішінде ет және құс еті — 14,6%, шұжық өнімдері — 21,3%, басқа да ет өнімдері — 15,7% қымбаттады.


Бір жылда сиыр еті — 9,3%, жылқы еті — 16,3%, шошқа еті — 13,4%, қой еті — 12,5%, құс еті — 28,6% қымбаттады. Шұжық өнімдерінің ішінде пісірілген шұжықтар 22,2%, жартылай ысталған шұжықтар 21,2% қымбаттады. Өңірлер бойынша ет және ет өнімдері ең қатты қымбаттаған Маңғыстау облысы: бір жылда 22,6%. Одан кейін Павлодар (20%) және Ақтөбе (19,5%) облыстары.


Қазан айында дүкендер мен базарлар сөрелерінен сиыр етінің килосы орта есеппен 2,4 мың теңгеден, қой етін — 2,7 мың теңгеден, шошқа етін — 2 мың теңгеден, жылқы етін — 3 мың теңгеден, тауық етін — 1,4 мың теңгеден, тауық сан етін — 1,2 мың теңге, қайнатылған шұжықты — 2,6 мың теңгеден, жартылай ысталған шұжықты — 3,1 мың теңгеден, сиырдың бауыпын — 1,2 мың теңгеден сатылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді