Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте 34 медициналық ұйым оңалту қызметтерін көрсетеді

Шымкентте 34 медициналық ұйым оңалту қызметтерін көрсетеді
Фото: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Шымкент қаласында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде ересектер мен балаларға медициналық оңалту қызметтеріне қолжетімділік артқан. Қалада кардиологиялық, неврологиялық, ортопедиялық, травматологиялық, пульмонологиялық және жалпы оңалту бағыттары бойынша 34 медициналық ұйым қызмет көрсетуде, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оңалту орталықтарында жыл басынан бері 150 мыңға жуық медициналық оңалту шаралары жүзеге асырылған. Пациенттердің негізгі немесе созылмалы аурулардан емделуге, инсульттен кейін, операциялар мен жарақаттардан кейін медициналық реабилитацияларға жүгінуге мүмкіндіктері бар. Қызмет МӘМС аясында тегін ұсынылады.

Мәселен, «Мейірім» оңалту орталығы 3-18 жас аралығындағы балаларға кешенді медициналық оңалту көмегін көрсетеді. Мұнда дәрілік ем, физиотерапия, емдік дене шынықтыру, массаж, магнитотерапия, ингаляция, сондай-ақ психолог, логопед-дефектолог, невролог және пульмонолог дәрігерлерінің қызметтері бар. 130 орындық орталықта неврология және соматикалық бөлімшелер жұмыс істейді, онда жүйке жүйесінің және туа бітті өкпе аурулары емделеді.

Неврология бөлімшесінде қозғалыс функцияларын қалпына келтіруге, психоневрологиялық және ортопедиялық патологияларды түзетуге бағытталған кешенді реабилитация бағдарламалары жүзеге асырылады. Соматикалық бөлімше баланың тыныс алу жүйесінің жұмысын жақсарту, қабынуды азайту және өмір сапасын арттыруға бағытталған.

Физиотерапия бөлімінде озокерит-парафин, электрофорез, магнитотерапия, ультрадыбыстық терапия және басқа да әдістер қолданылады, бұл балаларды ауыр симптомдардан арылтып, қалыпты өмірге оралуына септігін тигізеді.Дәрігерлердің айтуынша, жыл басынан бері мұнда 1000-нан астам қызмет көрсетілген. Оңалту алу үшін алдымен учаскелік дәрігерге жүгіну қажет. Ол науқасты қажетті жағдайда реабилитолог немесе арнайы мамандар тобына бағыттайды. Осылайша, пациентке жеке оңалту бағдарламасы дайындалады.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті