Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ҚР Президенті тапсырмасының орындалуы: 10 млн га ауыл шаруашылығы жерлері мемлекет меншігіне қайтарылды

ҚР Президенті тапсырмасының орындалуы: 10 млн га ауыл шаруашылығы жерлері мемлекет меншігіне қайтарылды
Фото: primeminister.kz

Пайдаланылмай жатқан және заңнаманы бұза отырып берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы 10 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. 2022-2023 жылдар аралығында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасына сәйкес тиісті жұмыстар атқарылды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

ҚР Президентінің тапсырмаларын сапалы әрі уақтылы орындау мақсатында Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың өкімімен арнайы мемлекеттік комиссия құрылды. Оның құрамына құқық қорғау органдарының, министрліктер мен әкімдіктердің өкілдері кірді.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде пайдаланылмай жатқан және заңнаманы бұза отырып берілген 10 млн гектар ауыл шаруашылығы жерлері мемлекет меншігіне қайтарылды. Сондай-ақ жайылымдық жер тапшылығы мәселесінің өзектілігін ескере отырып, қайтарылған жерлерді тиісті елді мекендерге бекіту арқылы басым тәртіппен шаруалардың қажеттіліктері үшін берілуде.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауда «AMANAT» партиясы жанындағы «Жер аманаты» комиссиясының қоғамдық-партиялық бақылауы маңызды факторға айналды. Атап айтқанда, аталған комиссия қайтарылатын жерлерді қайта бөлуді бақылаумен айналысты.

Жерді халық арасында одан әрі әділ бөлу мәселелері ҚР Үкіметінің ерекше бақылауында болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады