Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Активтерді қайтару: Зерендіде балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ашылды

Активтерді қайтару: Зерендіде балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ашылды
Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысының әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру шеңберінде Ақмола облысының Зеренді ауылында балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі ашылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нысан елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер қаражаты есебінен салынған. Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан 2,1 млрд теңге бөлді.

Ауданы 6 мың шаршы метрден асатын спорт мектебі ауысымда 90-ға дейін балалар мен жасөспірімдерді қабылдай алады.

Мекеме аумағында шаңғы жарысы, күрес және бокс секциялары ашылды, бұл жастарға өздерін қызықтыратын спорт түрін таңдауға және өз дағдыларын дамытуға қосымша мүмкіндіктер туғызады. Заманауи жабдықтар мен кең залдар жаттығу жасауға ыңғайлы жағдай жасайды.

Спорт мектебінің салтанатты ашылуына ҚР Бас прокуроры Берік Асылов пен Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов қатысты.

Айта кетейік, бұған дейін өңірде қайтарылған активтер қаражатына Алтынды, Арнасай, Жаңаесіл және Шалқар ауылдарында 4 медициналық мекеме салынып, пайдалануға берілген болатын.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті