Елордадағы Сервис және туризм колледжінде соңғы екі жылда «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы аясында оқу бағдарламалары жаңартылып, экологиялық білім тереңдетіліп оқытылып жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілішсі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Оқу бағдарламаларының бәрінде экологиялық білімді арттыру, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау басты назарда тұр.
Жалпы колледжде орман шаруашылығы, ландшафттық дизайн, бақ-саябақ және гүл дақылдарын өсіру бойынша 131 студент оқып, жұмыс орындарынан тәжірибелерін арттырып, тегін білім алуға қол жеткізді.Сондай-ақ, «Таза Қазақстан» жобасы аясында студенттермен бірнеше маңызды ғылыми жоба мен әлеуметтік бастама жүзеге асырылып жатыр.Бірінші бағыт бойынша «Жабық типтегі жылыжайларда қолданылатын көкөністерді зерттеу және өсіру», «Ағаштардың дендрологиялық қасиеттерін зерттеу», «Өсімдіктердің зиянкестерімен және ауруларымен күресу әдістері», екінші бағытта «Бақшадан ас үстеліне», «Қалдыққа екінші өмір сыйла» әлеуметтік жобаларын бойынша жұмыстар атқарып жатыр.Аталған жобалардың бәрі студенттердің экологиялық сауаттылығын арттыруға және оларды табиғатты қорғау, экологиялық тұрмыстық дағдыларды меңгеру бағытында тәрбиелеуге бағытталған.