Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Горельник шатқалында жаңа жаяу жүргіншілер көпірі бой көтермек

Горельник шатқалында жаңа жаяу жүргіншілер көпірі бой көтермек
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қыркүйек айында Алматының маңындағы Горельник шатқалында ұзындығы 77 метр болатын Arman-köpir атты жаяу жүргіншілер көпірі пайдалануға беріледі. Көпір шатқалдың екі жағын жалғап, оқушыларға арналған болашақтағы «Мың бала» спорт клубына жол ашпақ, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоба Еуропа таулы аймағында аспалы көпір салумен танылған швейцариялық компаниямен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр. Көпір жер бедеріне бейімделіп салынған, халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сай келеді.Сонымен қатар балалар мен спорт топтарының және оқу-жаттығу жиындарына қатысушылардың жайлы өмір сүруіне мүмкіндік беретін мынадай нысандар салынады: • ауданы 912 м² спорт залы • балалар мен спорт командаларына арналған 12 модульді тұрғын капсула  • ашық аспан астында жаттығу жасауға арналған арнайы алаң. Көктемде осы шатқалда ұзындығы 285 метрлік жарықпен және тынығу бұрыштарымен жабдықталған «Жұмбақ жол» экосоқпағы ашылған болатын, - делінген хабарламада.
Бұл жобалар экотуризмді дамытуға, табиғатты аялауға жол ашып, балаларға қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыруға бағытталған.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті