Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

БҚО әкімі шегірткеге қарсы күресті күшейтуді тапсырды

БҚО әкімі шегірткеге қарсы күресті күшейтуді тапсырды
Фото: БҚО әкімдігі

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтың төрағалығымен шегірткеге қарсы күрес жөніндегі штаб отырысы өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары, облыс әкімі аппаратының басшысы, басқарма басшылары, қала және аудан әкімдері, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі БҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеңес барысында өңір басшысына қазіргі ахуал және қолға алынған шаралар туралы есеп берілді. Баяндамамен ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің БҚО аумақтық инспекциясының басшысы Ерлан Орынбаев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Жасұлан Халиуллин, сондай-ақ Қаратөбе, Бөрлі және Теректі аудандарының әкімдері сөз сөйледі.

Биыл облыс аумағында шегіртке тұқымдас зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын 326,8 мың гектар аумақта жүргізу жоспарлануда. Оның ішінде:

— республикалық бюджет есебінен – 134,5 мың га жерде жаппай шоғырланған шегірткелерге қарсы;

— облыстық бюджет есебінен – 192,3 мың га жерде дара түрлеріне қарсы өңдеу жүргізіледі.

Өңір басшысы шегірткенің егістік алқаптарына және ауыл шаруашылығы саласының тұрақтылығына елеулі қауіп төндіретінін атап өтті. Ол барлық тиісті құрылымдардың бірлесіп, жүйелі түрде жұмыс жүргізу қажеттігін айтты.

Кеңес қорытындысы бойынша Нариман Төреғалиев мониторингті күшейтіп, өңдеу жұмыстарын уақтылы жүргізуді қамтамасыз етуді тапсырды.

Ахуал облыс әкімінің бақылауында.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады