Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қостанай және Ақтөбе облыстарындағы Ресеймен шектесетін аумақтарда шегіртке үйіріне мониторинг күшейтіледі

Қостанай және Ақтөбе облыстарындағы Ресеймен шектесетін аумақтарда шегіртке үйіріне мониторинг күшейтіледі
Фото: primeminister.kz

Бұл туралы вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен шегірткеге қарсы күрес жөніндегі орталық жедел штаб отырысында АШМ Мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Дархан Әбдікәрімов мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ресей Федерациясының шекаралас аумақтарынан шегірткелердің ұшу қаупі жоғары аймаққа: Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданы, сондай-ақ үйірлі көші-қон жолдары өтетін Қостанай облысының Жітіқара және Денисов аудандары жатады. Ақтөбе облысы шегірткеге қарсы күрес басқармасының өңірлік орталығының штаб-пәтерін Әйтеке би ауданына көшіру туралы шешім қабылданды.

Қостанай облысының Жангелді және Қамысты аудандарында көшпелі шегіртке үйірін жедел өңдеу үшін 21 техника жұмыс істейді. Шегірткелердің саны көбейген жағдайда қосымша техника жеткізуге дайындық бар. 

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы атап өткендей, Ресей салалық ведомствосымен бірлескен қарсы іс-қимыл шаралары пысықталуда. 

Сонымен қатар Қытай мен Өзбекстан шекарасында зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бүгінгі таңда шегіртке үйіріне қарсы қорғаныс шаралары 1,3 млн гектарға немесе болжанған алаңның 51,7%-ына жүргізілді. Италиялық прусқа қарсы химиялық өңдеу 920,6 мың гектарға немесе болжам аумақтың 44,5%-ына жасалды. Оның ішінде Қостанай облысында 184 мың гектар немесе қажетті алқаптың 84%-ы, Ақтөбе облысында – 431,5 мың гектар немесе 93%-ы өңделді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады