Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада конкурдан Қазақстан кубогы өтіп жатыр

Астанада конкурдан Қазақстан кубогы өтіп жатыр
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанадағы «Арғымақ» ат спорты кешенінде конкурдан Қазақстан Республикасының кубогы басталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Спорттық шара бағдарламасы екі санат бойынша өткізіледі. Қатысушылар 120-дан 145 см-ге дейінгі әртүрлі күрделілік деңгейіндегі алты бағытта өз шеберліктерін көрсететін болады.

«Қазақстан кубогының басты ерекшілігі – жүлдегерлер ұлттық құрамаға алынып, әлем кубогы кезеңдері мен халықаралық турнирлерде ел намысын қорғайды. Өздеріңіз білетіндей, 2 апта бұрын Астана қаласы ұзақ жылдардан кейін әлем кубогының кезеңін өткізген еді. Жақсы нәтиже көрсеткен кей отандастарымыз қазіргі сәтте Ресейде ТМД кубогына дайындалып жатыр. Ал Қазақстан кубогында Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы облысының 30-дан астам спортшысы бірнеше сайыс түрінде жүлдені сарапқа салады. Бұл жерде тіпті жасөспірімдер арасындағы ел чемпионатының жүлдегерлері де бірінші рет ересектер арасында тәжірибелерін байқайды», - деді ұлттық құраманың бас бапкері Әсет Толқымбеков.

Турнир Халықаралық ат спорты федерациясының (FEI) қолдауымен және халықаралық стандарттарға толық сәйкес ұйымдастырылады.

Айта кетейік, Қазақстан кубогының жүлде қоры 2 миллион теңгені құрайды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің толық есімдері 22 маусымда белгілі болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады