«Дәулет» теннис орталығында теннистен Virtus әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан – интеллектуальды даму ерекшеліктері бар жаһандық доданы Азия құрлығынан бірінші болып қабылдаған бірінші ел атанды.«Елімізде инклюзивті теннистің дамуына көңіл бөлініп келеді. Үш жылдың ішінде Қазақстанның 8 қаласында арбадағы теннис секциясы ашылды. Қазақстан кубогы, Қазақстан чемпионаты өтіп тұрады. 2024 жылы ұлттық құрамамыз жасақталып, әлем чемпионатына қатысты. Екі теннисшіміз әлемдік рейтингте ТОП-200-ге кіріп үлгерді. Енді өз жерімізде алғаш рет жаһандық доданы қабылдау құқығына ие болып жатырмыз. Барлығыңызға сәттілік тілеймін», - деді Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев.Бұл бәсекеге Қазақстаннан бөлек, Бельгия, Аустралия, Польша, Италия, Ұлыбритания, Үндістан, Франция елдерінен 50-ден астам спортшы келді.Жарыс барысында қатысушылар 5-10 мамыр аралығында үш санат бойынша (жекелей, жұптық, командалық сайыс) жүлделерді сарапқа салынады:
II1 — жеңіл деңгейдегі ақыл-ой кемістігі бар спортшылар
II2 — Даун синдромы бар спортшылар
II3 — аутизм спектріндегі бұзылыстары бар спортшылар.
Айта кетейік, дәл осы «Дәулет» теннис орталығы 2021 жылы елімізде алғаш рет пара теннистен ішкі турнирді өткізген болатын.Бұл додада Қазақстан құрамасы Астана, Алматы, Ақкөл қалаларынан 7 спортшы жасақталды.