Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Күрес түрлерінен Қазақстан кубогы: астаналық балуандар жалпыкомандалық есепте бірінші орын иеленді

Күрес түрлерінен Қазақстан кубогы: астаналық балуандар жалпыкомандалық есепте бірінші орын иеленді
Фото: Астана қ.әкімдігі

Елордадағы Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешенінде бастау алған күрес түрлерінен Қазақстан кубогы өз мәресіне жетті. Бір апта бойы тартысқа толы өткен жарыста Астана қаласының балуандары тамаша нәтиже көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жарыстың шымылдығын еркін күрес шеберлері ашты. Он салмақ дәрежесінде жүлделер сарапқа салынған сайыста астаналық балуандар да сынға түсіп, жүлдегерлер қатарынан көрінді. Жарыстың алғашқы күнінде 97 келіге дейінгі салмақта астаналық балуан Бекзат Үркімбай алтыннан алқа тақты. Дәл осы салмақтағы тағы бір жерлесіміз Рустам Экажев күміс жүлдеге ие болды. 57 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен елордалық Абзал Өкенов пен 79 келідегі Нұрлан Бекжанов күміс жүлдені қанжығалады. Осылайша еркін күрестен ересектер арасында Қазақстан Республикасының кубогында Астана қаласы жалпыкомандалық есепте бесінші орынға тұрақтады.

Ал грек-рим күресінен ересектер арасында өткен Қазақстан Республикасының кубогында Астана қаласы екі алтын, екі күміс және үш қола медальға қол жеткізіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді.

Атап айтқанда, 55 келіде Марлан Мұқашев пен 72 келіде Мерей Мәулітханов алтыннан алқа тақты. Ал 63 келіде Асаухат Мұхамадиев пен 87 келіде Мақсат Сайлау күміс жүлдегер атанды. Қола жүлдені 60 келіде Айбек Айтбеков, 67 келіде Мәдіяр Мәулітханов және 82 келіде Изновр Абаев жеңіп алды.

Әйелдер күресінен Қазақстан Республикасының кубогында Астана қаласы екі алтын және бір күміс медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте төртінші орынға тұрақтады. 50 келі салмақта Светлана Анкичева мен 65 келіде Елена Шалыгина алтын жүлдеге қол жеткізсе, 59 келіде Диана Каюмова күміс жүлдені жеңіп алды.

Айта кетейік, ересектер арасындағы грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша өткен Қазақстан Республикасының кубогына еліміздің 20 өңірінен 900-ден астам спортшы қатысты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады