Ср, 23 шілде 2025
Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысы: тұрақты даму және рухани жолында

Түркістан облысы: тұрақты даму және рухани жолында
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Биыл Түркістан қаласының облыс орталығы атанғанына 7 жыл толып отыр.  

Жеті жыл көлемінде өңірімізде ауқымды шаралар қолға алынып, Түркістанның жылнамасында жаңа және жарқын оқиғалар жазылып жатыр. Табанды еңбектің нәтижесінде Түркістан қаласында су жаңа заманауи, зәулім ғимараттар салынып, киелі мекеннің келбеті көркейді.

Осы уақытта Түркістан Түркі әлемінің рухани астанасы атанып, Президенттің бастамасымен көне қалаға ерекше мәртебе берілді. Бұл мәртебелер өңір экономикасының дамуына тың серпін беріп, қаланың маңыздылығын одан сайын айғақтай түсті. Өңірде туризм, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым мен жолдар, өнеркәсіп және әлеуметтік салалар қарқынды дамуда. 

Экономиканың басты көрсеткіші - жалпы өңірлік өнім көлемі 7 жылда 2,6 есе өсіп, 4,5 трлн.теңгеге жетті. Өнеркәсіп өнім көлемі 2018 жылдан 2,7 есеге артып, 1 214,0 млрд. теңгені құрады. Өсім негізінен металлургия, тамақ өнеркәсібі, машина жасау, жиһаз жасау, құрылыс өнеркәсібі және мұнай өнімдерін өңдеу салалары өнімдерінің артуы есебінен орын алды.

Бірыңғай индустрияландыру картасы аясында 2018-2024 жылдары өңірде жалпы құны 56 млрд.теңгеге 37 жоба іске асырылып, 2 500 жаңа жұмыс орны құрылды.

Экономиканың маңызды саласының бірі ауыл шаруашылығында өнім көлемі 7 жылда 2 есе артып, алғаш рет 1 трлн.теңгеден асты. Жалпы өндірілген өнім көлемі бойынша республикада көшбастап тұрмыз. Агроөнеркәсіп кешеніне 7 жылда жалпы 700 млрд. теңге инвестиция тартылды.

Облыс экономикасына тартылған инвестиция көлемі  7 жылда  4,2 есеге артып, 1 335,0 млрд.теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2018 ж. 314,1 млрд.теңгені құраған болатын.  

Жалпы, облысымыз қыруар жетістіктерге қол жеткізді. Бұл жетістіктер өңіріміз былай тұрғанда, еліміз үшін үлкен маңызға ие.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жасаған жұмыс сапарларының бірінде Түркістанды ата жұртымыздың алтын қазығы деп атап өтіп, өз сөзінде: «Қастерлі шаһар көне заманнан бері ұлттың ұясы, қазақтың қара шаңырағы болып келеді. Түркістан осы мәртебелі міндетін қазір де абыроймен атқарып отыр», - деген болатын.

Ия, Түркістанның орны қашан да  айрықша. Сондықтан, киелі Түркістанды түлету – руханиятымызды, тарихымызды, рухымызды түлету болып табылады.

Түркістанда жүздеген хандарымыз бен билеріміздің, батырларымыз бен ақындарымыздың, әулие-әмбиелеріміздің мазарлары бар. Бір сөзбен айтқанда Түркістан теңдесі жоқ аңыз қала.

Түркістанның өсіп-өркендеуі дәл бүгінгідей қарқынмен жүрсе, болашақта көне шаһардың әлемдік қауымдастықта өзінің нық орнын тауып, күллі түркі дүниесінің абыройын асыратынына сенімдімін.  

Түркістанымыз жайнап, түрлене берсін!

   

Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы 

Нұралы Әбішов


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті