Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодар облысында көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктер жауапқа тартылды

Павлодар облысында көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктер жауапқа тартылды
Фото: Polisia.kz

Павлодар облысында көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктер жауапқа тартылды, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар облысының аумағында осы жылдың 23 мамырына дейін жалғасатын "Мигрант" жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Өткізілетін іс-шараның негізгі мақсаты: құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша шараларды күшейту, заңсыз көші-қонның алдын алу, жолын кесу, шетелдіктердің болу тәртібі қағидаларын бұзушылықтарын анықтау, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдалану фактілерін анықтау.

— Аталған іс-шараны өткізудің бірінші күні өңірдің полицейлері 91 азаматты анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты, оның ішінде Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзғаны үшін 65 шетелдік азамат және еліміздің 26 азаматы. Сегіз шетелдік сот шешімімен елден шығарылды, — дейді Павлодар облысының ПД. 

Сонымен қатар шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланудың 7 фактісі жойылды. Барлық фактілер бойынша шетелдіктерді жұмысқа заңсыз жалдаған жұмыс берушілер жауапқа тартылды. Мысалы, Екібастұз қаласындағы полиция қызметкерлері Абай көшесінде орналасқан наубайханалардың бірінде үш шетелдік азаматтың еңбек қызметін заңсыз жүзеге асыру фактісін анықтады. Материалдары іс жүргізу шешімін қабылдау үшін сотқа жіберілді. Көші-қон заңнамасының бұзылуының алдын алу және анықтау жөніндегі жұмыс жалғасады. Полиция департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарынан елдің көші-қон заңнамасын бұзбауды сұрайды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді