Алматыда Есентай өзенінің бойындағы аумақты көркейту бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл әл-Фараби даңғылынан Рысқұлов даңғылына дейінгі аралықты қамтиды. Ұзындығы – 7,2 шақырым, аумағы – 43 гектар. Мемлекеттік сараптама 2025 жылы шілде айында шығады. Аумақ бірнеше аймаққа бөлінеді. Барлығы жеті тақырыптық аймақ бар, әрқайсысының өзіне тән атмосферасы мен ерекшелігі болады:• Жастарға арналған аймақтар — әл-Фараби даңғылынан Тимирязев көшесіне дейін және Жамбыл көшесінен Қарасай батыр көшесіне дейін;• Студенттер аймағы — Тимирязев көшесінен Бұқар Жырау бульварына дейін;• Белсенді демалысқа арналған аймақ — Бұқар Жырау бульварынан Абай көшесіне дейін;• Мәдени демалыс аймағы — Абай көшесінен Құрманғазы көшесіне дейін;• Жайлы, тыныш демалысқа арналған аймақтар — Құрманғазы көшесінен Жамбыл көшесіне дейін және Қарасай батыр көшесінен Рысқұлов даңғылына дейін, - делінген хабарламада.Жағалаудың жаңарған келбеті табиғи ландшафт пен заманауи қалалық ортаны үйлестіре отырып, қала тұрғындары мен қонақтарының ыңғайлы демалыс орнына айналмақ.