Елордада бірқатар көшеде құрылыс және жөндеу жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты қаладағы кейбір жол учаскелері уақытша жабылады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 16 мамыр күнгі мәлімет бойынша жабылған көше учаскелерін атады.
Толығымен жабылған көшелер:
* 20 сәуірден 20 тамызға дейін – Бұқар Жырау көшесінің Тәуелсіздік даңғылынан Қ.Қайсенов көшесіне дейінгі учаскесінде (кварталішілік жолдармен баламалы қозғалыс ұйымдастырылады);
* 9 сәуірден 30 тамызға дейін – Күйші Дина көшесі Мирас мектебінен М.Жұмабаев даңғылына дейін;
* 29 сәуірден 30 тамызға дейін – Ж.Молдағалиев көшесі Е-41 көшесінен Е-32 көшесіне дейін (Қозғалыс балама көшелер мен кварталішілік жолдармен ұйымдастырылған);
Ішінара жабылған көшелер:
* 11-17 мамыр аралығында – Ш.Айтматов көшесі Ж.Молдағалиев көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейін (көлік қозғалысы екі бағытта тараптардың бірі бойынша қамтамасыз етілген);
* 10-20 мамыр аралығында – Аркар көпірі (М1) (көлік қозғалысы екі бағытта тараптардың бірі бойынша қамтамасыз етілген);
* 9-17 мамыр аралығында – М.Жұмабаев даңғылы Б.Момышұлы даңғылынан Балқантау көшесіне дейін (көлік қозғалысы екі бағытта тараптардың бірі бойынша қамтамасыз етілген);
* 1 мамырдан 1 тамызға дейін – Ш. Бейсекова көшесі мен Н.Тілендиев даңғылының қиылысындағы көлік айырбасы (қозғалыс екі бағытта да 6 жолақты жолмен уақытша ұйымдастырылған);
-14-17 мамыр аралығында – Ұлы Дала даңғылы Қабанбай батыр даңғылынан Мәнгілік Ел даңғылына дейінгі учаскеде (көлік қозғалысы екі бағытта тараптардың бірі бойынша қамтамасыз етілген);
-14-22 мамыр аралығында – Домалақ ана көшесі Қорғалжын тас жолынан Қ. Мұхамедханов көшесіне дейінгі учаскеде (көлік қозғалысы екі бағытта тараптардың бірі бойынша қамтамасыз етілген);
* 15-20 мамыр аралығында – Тәуелсіздік даңғылы Қажымұқан көшесінен Күйші Дина көшесіне дейінгі учаскеде (көлік қозғалысы екі бағытта тараптардың бірі бойынша қамтамасыз етілген);
* 12-17 мамыр аралығында – Фахт бен Абдул Азиз көшесі К.Байсеитова көшесінен Ш. Бейсекова көшесіне дейін (көлік қозғалысы екі бағытта тараптардың бірі бойынша қамтамасыз етілген).