Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ИКАО Қазақстанның азаматтық авиация саласын дамытудағы ынтасын қолдайды

ИКАО Қазақстанның азаматтық авиация саласын дамытудағы ынтасын қолдайды
Фото: pixabay.com

Парижде (Франция) өтіп жатқан ИКАО Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық Бюросының (EUR/NAT-DGCA) Азаматтық авиация бас директорларының кездесуі аясында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиеваның Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) Бас хатшысы Хуан Карлос Саласар және ИКАО EUR/NAT аймақтық бюросының директоры Николас Ралломен кездесуі өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстан мен ИКАО арасындағы одан әрі белсенді ынтымақтастық перспективалары, жаһандық авиация жүйесін дамыту мен жаңғыртуға бағытталған бастамаларды қолдау мәселелері талқыланып, Қазақстан Республикасындағы ИКАО ресми іс-шараларының қорытындылары шығарылды.

Хуан Карлос Саласар еліміздегі азаматтық авиация саласында жүргізіліп жатқан реформаларға ризашылығын білдіріп, ИКАО Қазақстанның ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, халық үшін әуе қатынасының қолжетімділігін арттыру және авиация нарығын ырықтандыруға жәрдемдесу жөніндегі күш-жігерін қолдайтынын атап өтті, бұл мәселе теңізге шыға алмайтын ел ретінде Қазақстан үшін өте маңызды.

Өз кезегінде Салтанат Томпиева біздің еліміз ИКАО-ның белсенді қатысушысы ретінде авиация саласының мәселелеріне үлкен мән беретінін және халықаралық стандарттарға сәйкес ұлттық ұшу қауіпсіздігі жүйесін одан әрі жетілдіруге дайын екенін атап өтті.

Сонымен қатар, С.Томпиева ИКАО Кеңесінің Президенті Сальваторе Шаккитаноның 2025 жылғы шілдеде Қазақстанға жоспарланған сапары барысында азаматтық авиацияның Бас жоспарына (CAMP) бірлескен декларацияға қол қою жоспарлары туралы хабарлады.

Сондай-ақ, комитет басшысы Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) Бас хатшысы Хуан Карлос Саласарды Қазақстанға келуге шақырды.

Кездесу қорытындысы бойынша авиация саласындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге жоғары қызығушылық атап өтілді.

Анықтама:

ИКАО-ның Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық бюросы (EUR/NAT) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының бөлімшесі болып табылады, оның құрамына ИКАО-ға мүше 193 елдің ішінде Қазақстан Республикасын қоса алғанда, аймақтағы 56 мемлекет кіреді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады