Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Есіктер сынған, мүліктер бүлінген: елордада вандализм актілері анықталды

Есіктер сынған, мүліктер бүлінген: елордада вандализм актілері анықталды
Фото: Polisia.kz

Елордалық полицейлер вандализм актілерімен және қоғамдық тәртіпті бұзушылармен күресті жалғастыруда. Соңғы күндері Астанада бөтеннің мүлкіне зиян келтірудің жаңа жағдайлары тіркелді. Оған кінәлілер тез табылып, жауапқа тартылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мәселен, 2025 жылғы 1 қаңтарда таңғы сағат 06:00 шамасында 26 жастағы азамат жеке үйлердің бірінің кіреберіс есігін қасақана зақымдап, 34 900 теңге сомасына материалдық шығын келтірді.Жаңа жыл қарсаңында, яғни 31 желтоқсан сағат 00:45-те 21 жастағы әйел пәтердің кіреберіс есігі мен есік қоңырауына зақым келтіріп, 37 000 теңге шығын келтірді.3 қаңтар күні сағат 23:30 шамасында, 33 жастағы ер адам қоғамдық орындағы лифт есігін тепкілеп, сындырған.ҚР ӘҚБтК-нің 147-1-бабы бойынша барлық құқық бұзушылар табылды және әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Бұл оқиғалар елордадағы вандализмнің жолын кесу жөніндегі кешенді жұмыстың бір бөлігі болып табылады. Полиция қалада тәртіп пен тазалықты сақтауға, сондай-ақ қоғамға жат мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстарды белсенді жүргізіп жатыр.Акцияның мақсаты - вандализмнің кез келген көрінісін болдырмау және елордада тазалық пен тәртіпті сақтау.Вандализм үшін 332 азамат жауапқа тартылды, оның ішінде 191 адамға айыппұл салынды, 141 адам әкімшілік қамауға алынды. Оны алдын алу жұмыстары қалалық прокуратура мен полиция департаментінің үйлестіруімен жүргізіледі.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты