Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда алаяқтық жасаған күдікті құрықталды

Алматыда алаяқтық жасаған күдікті құрықталды
Фото: Polisia.kz

Бостандық аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында алаяқтық жасады деген күдікпен қыз баланы анықтап, ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Күдікті интернетте танымал қосымшаларға Алматыда пәтер жалға беретіні туралы жалған хабарландырулар орналастырған. Алайда оның жалға беретін баспанасы болмаған. Жәбірленушілерден алдын ала төлем алғаннан кейін алаяқ байланысын тоқтатып, ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

- Қазіргі таңда полиция бөліміне зардап шеккен азаматтардан 15-ке жуық арыз келіп түскен. "Заң және Тәртіп" қағидатын және Алдын алу жылын іске асыру аясында, алаяқтықпен күрес - полиция қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді. Мұндай қылмыстар азаматтардың сеніміне нұқсан келтіреді, ал біздің міндетіміз заңсыз әрекеттерді тез арада тоқтатып, кінәлілерді жауапқа тарту, - деді Бостандық аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Мұхаммедәлі Сейсенұлы. 

Полиция қосымша деректерді анықтау жұмыстарын жалғастырып, азаматтарды тұрғын үйді жалға алу мәмілелерін жасау кезінде абай болуға, құжаттарды тексеруге және ақпаратты тексермей алдын ала төлемдерді аудармауға шақырады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады