Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысының ауыл оқушылары Алматыға IQanat Олимпиадасына аттанды

Түркістан облысының ауыл оқушылары Алматыға IQanat Олимпиадасына аттанды
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қазақстан өңірлерінің бәрінен 1000 ауыл оқушысы Алматыға – еліміздегі ең ауқымды білім шараларының бірінің қорытынды кезеңі – 13-20 маусымда өтетін IQanat республикалық Олимпиадасының финалына қатысу үшін аттанады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл мың бала бұған дейінгі 50 мың бала қатысқан іріктеу кезеңдерінен үздік шыққан 8-сынып оқушылары. Ақтық сын – жай ғана финал емес, тағдырларды өзгертетін апта болмақ! Финалға өткен 1000 үздік баланың ішіндегі 256 бала Түркістандық өрендер.

Басты жүлде – еліміздің ең үздік оқу орындарының бірі IQanat High School of Burabay мектебінде білім алуға арналған гранттар. Финалистердің бір бөлігі мектеп-пансионатта тегін оқуға мүмкіндік алатын болса, екінші бөлігі олимпиададан кейінгі үш жылдық тегін қолдау бағдарламасына қатысады. Оның аясында балалар ҰБТ-ға, халықаралық емтихандарға белсенді дайындалады, ағылшын тілін, ІТ дағдыларды, кәсіпкерлік негіздері мен өзге бағыттарды меңгереді. Олардың ынтасы мен жетістіктері үнемі бақылауда болады.

Финалдың бағдарламасы тестілеуден бөлек, білім беру бағытындағы мәдени шараларды қамтиды: soft skills дамыту бойынша тренингтер, қала мен университеттерге экскурсиялар, сондай-ақ бірегей peer-to-peer бағдарламасы. Оның аясында IQanat  мектебінің түлектері мен жоғары сынып оқушылары жасы кіші балалардың білім алуына көмектеседі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады