Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Zhetysu жаңа логистикалық терминалының ашылуына қатысты

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Zhetysu жаңа логистикалық терминалының ашылуына қатысты
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның еншілес компаниясы – «Кедентранссервис» АҚ базасында жаңадан салынған ZHETYSU логистикалық терминалы ашылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Ауқымды инфрақұрылымдық жоба қытайлық Xi'an Free Trade Port Construction and Operation Co., Ltd. (ҚХР) компаниясымен халықаралық әріптестік аясында жүзеге асқан.

Салтанатты жиынға Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдымен қатар, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, Алматыдағы ҚХР Бас консулы Цзян Вэй, Шэньси провинциясының губернаторы Чжао Ган қатысты. Сондай-ақ Сиань қаласының ҚКП хатшысы Фан Хунвэй телекөпір форматында тілеулестігін білдірді.

Терминал логистикалық шығындардың төмендеуін қамтамасыз етеді, көлік байланысын күшейтеді және халықаралық жүк тасымалының тиімділігін арттырады. Кешеннің жобалық қуаты – жылына 115000 TEU.

Өз сөзінде Алматы әкімі Дархан Сатыбалды: «Алматы – екі елдің қаржы, іскерлік және сауда орталығы, сондай-ақ Еуропа мен Азия арасындағы негізгі байланыстырушы жүйе. Сондықтан, бұл терминалдың ашылуы кезекті жоба ғана емес. Ол транзиттік маршруттардың мүмкіндіктерін кеңейтіп, жаңа жұмыс орындарын ашуға сеп болады. Сонымен бірге, қала экономикасына айтарлықтай ықпал етеді», - деп атап өтті.

Алматыда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның еншілес компаниясы – «Кедентранссервис» АҚ базасында жаңадан салынған ZHETYSU логистикалық терминалы ашылды.  Ауқымды инфрақұрылымдық жоба қытайлық Xi'an Free Trade Port Construction and Operation Co., Ltd. (ҚХР) компаниясымен халықаралық әріптестік аясында жүзеге асқан.

Салтанатты жиынға Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдымен қатар, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, Алматыдағы ҚХР Бас консулы Цзян Вэй, Шэньси провинциясының губернаторы Чжао Ган қатысты. Сондай-ақ Сиань қаласының ҚКП хатшысы Фан Хунвэй телекөпір форматында тілеулестігін білдірді.

Терминал логистикалық шығындардың төмендеуін қамтамасыз етеді, көлік байланысын күшейтеді және халықаралық жүк тасымалының тиімділігін арттырады. Кешеннің жобалық қуаты – жылына 115000 TEU.

Өз сөзінде Алматы әкімі Дархан Сатыбалды: «Алматы – екі елдің қаржы, іскерлік және сауда орталығы, сондай-ақ Еуропа мен Азия арасындағы негізгі байланыстырушы жүйе. Сондықтан, бұл терминалдың ашылуы кезекті жоба ғана емес. Ол транзиттік маршруттардың мүмкіндіктерін кеңейтіп, жаңа жұмыс орындарын ашуға сеп болады. Сонымен бірге, қала экономикасына айтарлықтай ықпал етеді», - деп атап өтті.

Ресми іс-шара қарсаңында аталған терминалға Сиань қаласындағы (ҚХР) Қазақстан-Қытай жүк терминалынан жөнелтілген алғашқы контейнерлік пойыз келді. Ал стратегиялық әріптестік пен экологиялық жауапкершіліктің белгісі ретінде екі елдің өкілдері жаңа терминал аумағына ағаш отырғызды.

ZHETYSU терминалы – тасымал дәліздерінің негізгі нүктесінде орналасқан. Ол жүк ағындарын шоғырландырудың стратегиялық орталығына әрі Қазақстанның ең ірі импорттық логистикалық хабына айналады деп күтіледі. Жаңа терминал Қытай Халық Республикасынан келетін жүкті өңдеуге, шоғырландыруға және бөлуге бағытталған. Тиісінше, Алматының өңірдің ірі логистикалық торабы ретіндегі транзиттік рөлін нығайтады.

Анықтама:

Терминалдың жалпы алаңы 9,8 гектар. Контейнер алаңы 9200 шаршы метр және 1 101 TEU дейін бір реттік сақтауға мүмкіндігі бар. Қойма үй - жайларының аумағы 23 400 шаршы метрге жетеді, коммерциялық автокөліктерге арналған тұрақ аймағы-8 900  шаршы метр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады