Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы министрлігі топырақты қалпына келтіру үшін көміртекті егіншілікті енгізеді

Ауыл шаруашылығы министрлігі топырақты қалпына келтіру үшін көміртекті егіншілікті енгізеді
Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен республикалық жер комиссиясының отырысында жердің қайтарылуы мен игерілуін бақылау, қолданыстағы жерді пайдаланушылардың құқығын қорғау және топырақтың тозуына қарсы күресу шаралары талқыланды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің мәліметінше, соңғы үш жыл ішінде мемлекеттік меншікке қайтарылған 12,2 млн гектар жердің 5,3 млн гектары қайта бөлінді. Оның 2 млн гектары бірінші кезекте ортақ пайдалануға, қоғамдық жайылымдарға, жергілікті халыққа мал жаю үшін берілді. 

Бұған дейін берілген нұсқамалар бойынша биылдың өзінде 64,4 мың гектар ауыл шаруашылығы жерін игеру басталды, 64,8 мың гектар жерді мәжбүрлеп қайтарып алу бойынша сот процестері жүріп жатыр. Жалпы жыл басынан бері қайтарып алу жоспарланған ауыл шаруашылығына арналған 2 млн гектар жердің 460,6 мың гектары мемлекет меншігіне қайтарылды.

Сонымен қатар жайылымға арналған жердің тозу мәселесі әлі де өзекті. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтановтың айтуынша, ауыл шаруашылығы алқаптарының шамамен 14%-ы, яғни 29,9 млн гектары эрозияға ұшыраған. Топырақтың тұздануы да ауыл шаруашылығы жерлерінің тозуына әкелетін факторлардың бірі. 

«Бұл процестер бір-бірімен тығыз байланысты және жүйелі шешімді талап етеді. Негізгі бағыт – топырақтың құнарын арттыру және агротехнологияларды тұрақты түрде енгізу», — деп атап өтті ауыл шаруашылығы вице-министрі.

Былтыр осы мақсатта Ауыл шаруашылығы министрлігі 2024–2030 жылдарға арналған топырақтың құнарын қалпына келтіру және агротехнологияларды енгізу жөніндегі шараларды қамтитын жол картасын әзірледі. Әр өңірдің ерекшеліктерін ескере отырып, осындай құжаттар еліміздің барлық дерлік өңірінде жасалды. Жол картасында көзделген шараларды қаржыландыру мәселесін шешу үшін жаңа Бюджет кодексінде жайылымдарды қалпына келтіру мен сақтауға аудандық бюджеттен қаражат бөлу туралы нормалар бекітілді. Бұл топырақтың құнарын қалпына келтіруге жүйелі түрде қаржы бөлуге құқықтық негіз қалыптастырады.

Ауыл шаруашылығы министрлігі аграрлық өндіріс саласындағы озық тұрақты технологияларды, соның ішінде көміртекті (карбондық) егіншілікті зерттеп, осы тәжірибені елімізде қолдануды жоспарлап отыр. Бұл ауыл шаруашылығы жерлерінің тозуымен күресуде тиімді құрал болады. Қазіргі уақытта Министрлікке ауыл шаруашылығы жерлеріндегі парникті газдардың шығарылуы мен сіңірілуін реттеу жөніндегі өкілеттіктерді бекіту үшін заңнамаға өзгерістер енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Бұдан бөлек, Ауыл шаруашылығы министрлігі Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығымен (ҰАҒБО) бірлесіп, жайылымға арналған жерлерге мал азығы дақылдарын қайта егу жоспарын әзірлеуде. Жоба аясында пайдаланылмай жатқан жерлер ғылыми талдаудан кейін ауыл шаруашылығы айналымына енгізіледі немесе жергілікті халықтың ортақ пайдалануына беріледі.

Сондай-ақ жер комиссиясының отырысында жерді пайдаланушыларды бағалау критерийлерін айқындау бойынша ұсыныстар әзірлеу мәселесі талқыланды.

Отырыстың қорытындысы бойынша вице-премьер Ауыл шаруашылығы министрлігіне жайылымдық жерлерге мал азығын қайта егу жоспарын жедел түрде әзірлеп, қарауға ұсынуды, ал өңірлерге – пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтарып алу жөніндегі тапсырмаларды қатаң орындауды міндеттеді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты