Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қанат Бозымбаев Power China Chengdu компаниясымен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселесін талқылады

Қанат Бозымбаев Power China Chengdu компаниясымен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселесін талқылады
Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев пен Power China Chengdu Engineering Corporation директорлар кеңесінің төрағасы Хэ Яньфэн энергетика және су ресурстары салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту келешегін талқылады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Power China Chengdu — жобалау мен инвестициялаудан бастап құрылыс пен пайдалануға беруге дейінгі толық қызметтер тізбегін ұсынатын әлемдегі жетекші компаниялардың бірі.

Бүгінде Power China Chengdu Қазақстанда бірқатар ірі жобаны жүзеге асырды. Олардың қатарында «Мойнақ» су электр стансасы, «Жаңатас» және «Шелек» жел электр стансалары бар. Қазіргі таңда «Хромтау» және «Арқалық» жел электр стансаларын іске қосуға дайындық жүргізілуде.

Келіссөздер барысында қытайлық тарап ирригация және су шаруашылығы салаларындағы жобаларға қатысуға қызығушылық танытты. Өз кезегінде Қанат Бозымбаев елдегі ірі инфрақұрылымдық жобалар туралы айтып өтті, олардың қатарында Алатау қаласының құрылысы мен коммуналдық және энергетикалық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба бар.

Кадр даярлау мәселесіне ерекше назар аударылды. Қанат Бозымбаев тараптардың бірлескен жұмысының маңызды бағыттарының бірі ретінде Тараз қаласындағы Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің базасында жас мамандарды даярлау туралы айтты.

Кездесу соңында тараптар бірлескен бастамалардың әлеуетін атап өтіп, ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға өзара ниеттерін білдірді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады