Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада мас азамат өзгенің көлігін айдап кетіп, бағанаға соғылды

Астанада мас азамат өзгенің көлігін айдап кетіп, бағанаға соғылды
Фото: Polisia.kz

Астанада мас азамат өзгенің көлігін айдап кетіп, бағанаға соғылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Елордада полицейлер көлік ұрлау фактісі бойынша тағы бір қылмыстық істі тіркеді. 24 жастағы жігіт бөтеннің автокөлігін заңсыз иемденіп қана қоймай, оны мас күйінде жүргізген.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Алматы аудандық криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Тергеу нәтижесінде анықталғандай, жас жігіт түнгі уақытта алкогольдік ішімдік ішіп, көшеге шыққан. Тұрғын үй ауласында тұрған Mercedes E-230 көлігінің есігінің ашық, ал кілттің тұтандырғышта тұрғанын көріп, көлікті айдап әкеткен.

Біраз уақыт қаланы көлікпен аралап жүріп, бағанаға соғылып, 3 миллион теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.

Қазіргі уақытта құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Астана қаласының полиция департаменті автокөлік иелерін қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады. Көлік ішінде кілттер мен бағалы заттарды қалдырмау, есіктерді құлыптау сияқты қарапайым ережелерді сақтау – көлік ұрлығының алдын алудың негізгі кепілі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді