Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жетісайда өзгенің көлігін заңсыз айдап кетіп, жол-көлік оқиғасын жасаған жігіт анықталды

Жетісайда өзгенің көлігін заңсыз айдап кетіп, жол-көлік оқиғасын жасаған жігіт анықталды
Фото: polisia.kz

Жетісайда өзгенің көлігін заңсыз айдап кетіп, жол-көлік оқиғасын жасаған жігіт анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жетісай аудандық полиция бөліміне шымкенттік тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, оның автокөлік жуу бекетінде қалдырып кеткен Toyota Camry көлігін белгісіз біреу рұқсатсыз айдап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 6 миллион теңгені құрады.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 200 бабы (Автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша тіркеуге алынды.

Оқиға орнына жылдам жеткен жедел-тергеу тобы автокөлікті айдап кеткен күдіктіні іздеуге кірісті. Тәртіп сақшылары ауыл-аймақты аралап, куәлардан жауап алды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде көлікті айдап кеткен жергілікті тұрғын, автокөлік жуушы жігіт екені анықталды.

Белгілі болғандай, аталған жігіт өзіне сеніп тапсырылған автокөлікті рұқсатсыз айдап кетіп, рөлге ие бола алмай, өзге көлікке соқтығысып, жол жиегіне түсіп, аударылған. Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Марат Сұлтанғазиев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әскерилерді марапаттады
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты