Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ауғанстанда мешітте жарылыс болып, 100 адам қаза тапты

Ауғанстанның солтүстігінде Құндыз провинциясындағы Сеид-Абад шейіттер мешітінде қуатты жарылыс болып, салдарынан 100 адам қаза тапты және ондағаны жарақат алды. Террорлық шабуыл 8 қазан, жұма күні түстен кейін болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендердің барлығы мешітке келушілер екені анықталды. Террористер адам көп жиналатын жұма күнін арнайы таңдаған. 

Қайғылы оқиға орнынан кадрлар Twitter-ге Yamal News арнасы таратты.

"Талибан" қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған) Құндыз провинциясындағы жарылысты айыптап, кінәлілерді жазалауға уәде берді.

"Ислам әмірі бұл қорқынышты әрекетті құптамайды, осы қорқынышты қылмыс үшін кінәлілерді тауып, жазалауға уәде береді", - деп жазды "Талибанның" ресми өкілі Забихулла Мужахид Twitter-де. Оның айтуынша, жарылыс орнына арнайы жасақ келіп, тергеу жүріп жатыр.

Бұл жарылыс туралы БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш де өз ойын білдірді.

"Бас хатшы, бұл варварлық жарылыс кезінде қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көңіл айтады", - деді Бас хатшының өкілі Стефан Дужаррик.

Өз кезегінде, мәдениет жөніндегі "Талибан" комиссиясының мүшесі Мохаммад Джалал әлеуметтік желіде теракті "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының тармағы "Хорасандағы Ислам мемлекеті" тобының содырлары жасағанын хабарлады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Президент Мәртөк ауданындағы Саржансай cпорт кешеніне барды
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда